Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсының нәтижелері

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсының нәтижелері


25.05.2021 Барлық жаңалықтар


ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің  22.02.2021 жылғы №14-2/331-1-ІН хатына сәйкес ҚР жоғары оқу орындарындағы техникалық ғылымдар мен технологиялар бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсын өткізу бойынша базалық ЖОО ретінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті «5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен жабдықтау» мамандығы және «Ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау»» білім беру бағдарламасы бойынша конкурстың ІІ кезеңінің нәтижелері туралы хабарлайды.

Олимпиаданың II кезеңінің қорытындылары бойынша келесі студенттерді ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапаттауға ұсыну туралы шешім қабылданды:

1-орын –Асылхан Маратұлы Масхет, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматыэнергетика және байланыс университетінің студенті.

2-орын –Нурбол Ғалымұлы Болат, Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің студенті.

2-орын – Дінмұхамед Асқарұлы Өмірзақ, Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің  студенті.

3-орын – Нұрдаулет Ержанұлы Темиралиев, Қазақ Ұлттық Аграрлық университетініңстуденті.

3-орын  – А. Жылқышы, У. Дуйсенбаева, А. Мұратов, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы  энергетика және байланыс университетінің  3-курс студенттері.

3-орын – Әсет Қайырғалиұлы Жеткергенов, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агро-техникалық университетінің  студенті.  

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға бастамаларына сәттілік тілейміз!

ENERGO UNIVERSITY