Рабиға Надейнбековна Сыздықованы 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Рабиға Надейнбековна Сыздықованы 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


07.06.2021 Барлық жаңалықтар


07 маусым күні Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті Ғарыштық инженерия кафедрасының аға оқытушысы Рабиға Надейнбековна Сыздықова өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтуде.

1996 жылы Рабиға Надейнбековна Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Физика» мамандығы бойынша үздік бітірді. 2000 жылы Рабиға жоғары энергиялық физика институтының аспирантурасын «Теориялық физика» мамандығы бойынша үздік бітірді.           

Рабиға Надейнбековна өзінің еңбек жолын Алматы қаласындағы №7 орта мектеп-кешенінде мұғалімнен бастады. 2002 жылдан бастап мектепте 2 жыл тәжірибе жинап, Алматы энергетика және байланыс институтының «Физика» кафедрасына ассистент болып қабылданды. Рабиға университеттегі жұмысы барысында MatLAB, Mathcad, С++ сияқты бағдарламаларды меңгерді.

2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Рабиға Надейнбековна Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде Ғарыштық инженерия кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді.

Рабиға Надейнбековна ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады, түрлі баяндамалар жасайды, сондай-ақ оның 80 ғылыми және әдістемелік еңбектері бар. Рабиға Надейнбековна лайықты беделге ие, студенттермен үнемі тәрбие жұмысын жүргізеді және бүгінгі күнге дейін өзін сауатты маман ретінде көрсетуде.

Рабиға Надейнбековна біліктілікті арттырудың бірнеше курстарынан өтті, олардың ішінде: Springer nature, how to publish (Алматы қ., 2016); Инновациялық технологияларды қолданып жеке тұлғаны қалыптастыру (Алматы қ., 2017); Инновационные технологии, применяемые для повышения качества преподавания физики (Алматы қ., 2018); Современные web- технологии, применяемые в учебном процессе (Алматы қ., 2018); Принципы автоматизации и управления в образовательных системах (Санк-петербург қ., 2019); Инновационные технологии,применяемые в образовательной среде для повышения качества образования (Алматы қ., 2019).

2020 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын «физика» мамандығы бойынша үздік аяқтады.

Рабиға Надейнбековна АЭжБУ оқытушылары арасында тұрақты жоғары рейтингке ие, сондай-ақ студенттер арасында тұрақты өткізілетін сауалнама нәтижелері бойынша үздік оқытушылар қатарында.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге әрі қарай белсенді ғылыми ізденіс және дарынды оқушылар тілейді! Тамаша жұмыс және ұжымдағы жылы қарым-қатынас үшін алғыс білдіреміз! Сізге ұзақ ғұмыр, әйел бақытын және шуақты күндер тілейміз!

ENERGO UNIVERSITY