Жас инженер курсынан сирек генетикалық аурулары бар балалар өтті

Жас инженер курсынан сирек генетикалық аурулары бар балалар өтті


02.06.2021 Барлық жаңалықтар


Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған қайырымдылық шеберлік сабағы Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде Н.Э. Бауман атындағы ММТУ Инжинириумімен бірлесіп өткізілді.

«Біз жас инженерлердің жаңа буынын құрғымыз келеді. Біздің басты міндетіміз – ерекше қажеттіліктері бар балаларды ғылымға мастер-класс арқылы баулумен әлеуметтендіру арқылы технологиялар мен зерттеулерге деген қызығушылықты дамыту», – деді Қуаныш Алипбаев, АЭжБУ Ғарыштық инженерия кафедрасының доценті.

Мастер-класта «Өмірге сен» қорының қамқорлығындағылар «3D-үлгілеу» және «Lego WeDo робототехникасын» өтті, онда олар өздерінің инженерлік әлеуеті мен шығармашылық бастауын аша алды. 3D-үлгілеу сабағында қатысушылар киіз үйді жобалап, өзінің алғашқы үлгісін 3D-принтерде басып шығарды. Сондай-ақ, Қордың қамқорлығындағылар CAD, CAE, CAM жүйелеріндегі жобалаудың базалық теориялық білімдерін алды және 3D-үлгіні басып шығару процесімен танысты.

Робототехникада жас зерттеушілер өздерінің алғашқы ғылыми роботы «Майло» жол талғамайтын көлігін жинады, онда олар сенсорлар мен электр қозғалтқышын қолданды. Айта кету керек, бұл курс ақыл-ой дамуымен тығыз байланысты, ол балалардағы қолдың ұсақ моторикасын дамытуға қолайлы. Балалар моториканы жетілдіреді, жұмыс барысында бұлшықет сезімі, кеңістіктік бағдарлау және үйлестіру дамиды.

«Қайырымдылық акцияларын өткізу идеясы бізде бұрыннан туындаған. Балаларды қорғау күнінде біз орфандық аурулары бар балаларға инженерия саласындағы даму перспективаларын көрсете отырып, мастер-класстарымызды өткізуге қуаныштымыз. Бұл үлкен жүйелі жоба, онда балалардың өздерінің шығармашылық әлеуетін еркін іске асыру мүмкіндігі болуы үшін барлық жағдайды жасау қажет. Бұл өте маңызды, өйткені балалар – біздің болашағымыз. Біздің жоспарымызда барлығына қолжетімді және сапалы білім беру жағына қарай жылжу бар, сондықтан біз осындай акцияларды тұрақты түрде өткізетін боламыз», – деді Н.Е. Бауман атындағы ММТУ Инжинириум директоры Арман Көмекбаев.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған Робототехника, Схемотехника, Үш өлшемді үлгілеу және Инженерлік бизнес-менеджмент бойынша жас инженер курсын АЭжБУ және Инжинириум оқыту орталығы үнемі тегін негізде өткізетін болады.

ENERGO UNIVERSITY