03.06.2021 Барлық жаңалықтар
3 маусым күні Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік 2021 жылғы Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінің нәтижелерін жариялады. Сарапшылардың бағалауына сәйкес Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ бесінші орынды иеленді.
Жоғары оқу орындарын саралаудың халықаралық стандарттарына негізделген нәтижелер IQAA-Ranking сайтында орналастырылды.
Рейтингтердің көмегімен ұсынылатын білім берудің және олардың қызметінің барлық аспектілерін көрсететін параметрлер бойынша, сондай-ақ сарапшылардың, жұмыс берушілердің, студенттер мен ЖОО түлектерінің көзқарасы бойынша жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламаларының деңгейін салыстыру жүзеге асырылады.
IQAA-Ranking қызметкерлері жүргізетін жыл сайынғы зерттеудің мақсаты келесі сұрақтарға жауаптар болып табылады:
– шешім қабылдау үшін қоғамға ақпарат беру (талапкерлер мен олардың ата-аналарына, саясаткерлерге, қорларға, жұмыс берушілерге, халықаралық ұйымдарға);
– жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;
– ЖОО-лардың қызметін жақсарту бойынша оларды ынталандыру, бұл оқытудың, зерттеу жұмысының, халықаралық алмасулардың нәтижелілігіне, оқытушы-профессорлар құрамының жұмыс сапасына қатысты;
жұмыс берушілердің, сарапшылардың, студенттер мен түлектердің ЖОО қызметін бағалауы.
Естеріңізге сала кетейік, «Информатика» білім беру бағдарламасы «Атамекен» ҰКП жыл сайынғы рейтингінде бірінші орынға ие болды.