Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ "AUES IT CAMP" жазғы мектебі өзінің ашылуын жариялайды

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ

08.06.2021 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Алматы қаласының 7-9 сынып оқушыларын "Жас IT-шник" жазғы мектебіне қатысуға шақырады.

"Жас IT-шник" -10 күндік лагерь, онда 7-9 сынып оқушылары C# және Python бағдарламалауға кіріспе бойынша интерактивті мастер-кластарын өтеді, ақпаратты қорғау тарихымен, жас хакерлердің  құпияларымен танысады. Жазғы Мектепте оқыту орыс тілінде жүргізіледі, ал IT-ге кіріспе бойынша мастер-кластар қосымша ағылшын тілінде өтеді. Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ тәжірибелі оқытушыларынан жазғы мектепте алған білім болашақ мамандықты таңдауда пайдалы болатыны сөзсіз.


Ақпаратты қорғаудың әртүрлі құралдары, бағдарламалау, мультимедиялық технологиялар және ауызекі ағылшын тілі туралы білімдерден басқа, сіздер мұнда достар таба аласыздар және демалыстарыңызды университет қабырғасында көңілді өткізесіздер! 

Курс соңында қатысушыларға университет атынан сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етіледі.
Курсқа тіркелу үшін келесі сілтеме бойынша форманы толтыру қажет
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірге хабарласыңыз:+7 701 212 1353 (Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік кафедрасы).

Кесте