AUES IT CAMP Алматы оқушыларына өз есігін ашты

AUES IT CAMP Алматы оқушыларына өз есігін ашты


28.06.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың 28 маусымында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде AUES IT CAMP жазғы мектебінің салтанатты ашылуы өтті, онда 7-9 сынып оқушылары киберқауіпсіздік және бейнемонтаж негіздеріне, Python, С# бағдарламалау тілдеріне және IT саласындағы базалық түсініктерге оқытылады.

Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып өткен іс-шараға университет ректоры, проректорлар, институт директорлары, «Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік» кафедрасының оқытушылары, оқушылар мен олардың ата-аналары қатысты.

Балаларды AUES IT CAMP –та сабақтың басталуымен Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ ректоры Сауле Саветовна Сагинтаева құттықтады: «Мен сіздерді бүгінгі күнмен құттықтап отырғаныма қуаныштымын. Қазіргі уақытта IT-технологияларын қолданбай болашақты елестету мүмкін емес. Қазіргі әлемде біз ғаламдық желіде жұмыс істеу кезінде ақпаратты қорғаудың әртүрлі құралдарын, бағдарламалау тілдерінде жазылған әртүрлі қосымшаларды, барлық жерде мультимедиялық технологияларды қолданамыз. Менің ойымша, жазғы мектепте алған дағдылар болашақта мамандық таңдауда көмектеседі. Білімнен басқа, сіздер жаңа достар табасыздар, уақытты көңілді, әрі пайдалы өткізесіздер. Біздің сіздермен таныстығымыз мұнымен бітпейді деп үміттенемін және болашақта тағы да жүзесеміз деген ойдамын».  

Жазғы мектеп оқытушылары келесі 10 күн ішінде өтетін сабақтарға қысқаша шолу жасады.Ашылудың ресми бөлігі аяқталғаннан кейін балалар бірден сабаққа кірісті.

Естеріңізге сала кетейік, оқушылар С# және Python, «Introduction to IT», «Интернет қалай жұмыс істейді?», «Бейнемонтажбен жұмыс», «Ақпаратты қорғау тарихы», «Жас хакердің ережелері мен тәсілдері» бағдарламалауларына кіріспені меңгереді.

 

ENERGO UNIVERSITY