Нұр-Сұлтан оқушысы Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ грантына ие болды

Нұр-Сұлтан оқушысы Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ грантына ие болды


28.06.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың 26 маусымында «Тамос» физика-математика мектебінде  Tamos CUP жоғары лигасының (9-11 сынып) «Что? Где? Когда?» атты финалдық ойыны өтті, онда бүкіл Қазақстаннан мектеп оқушылары қатысты.

Іріктеу турларына 207 команда қатысты, олардың тек 16-сы финалға дейін жетті.

Турнирді Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ, ALMAU,Тұран, ҚБТУ, ҚазХҚжӘТУ, Satbayev University қолдады, олар «Что? Где? Когда?» финалдық ойынының жеңімпаздарына тегін оқу гранттарын ұсынады.  

Ойын Quantum зияткерлік ойындарын ұйымдастыруға арналған инновациялық платформа негізінде өтті.

Зияткерлік турнир аясында қатысушыларға түрлі салалардан сұрақтар қойылды.

TAMOS Education мектебінің негізін қалаушы және құрылтайшысы Даурен Каупынбаев шәкірттердің кең тобына қолжетімді әрі қызықты болатын жарыстарды дамыту қажеттігін атап өтті.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-да жылдық оқуға грант Арман Мұратұлы Шүіншібайға берілді.

ENERGO UNIVERSITY