МЕЙРИМКУЛ МУХАМЕДИЯРОВНА ТУЛЕУПТІ 60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

МЕЙРИМКУЛ МУХАМЕДИЯРОВНА ТУЛЕУПТІ  60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


08.07.2021 Барлық жаңалықтар


Мейримкул Мухамедияровна Тулеуп 1961 жылы 08 шілдеде туған, филология ғылымдарының кандидаты, Тіл білімдері кафедрасының меңгерушісі.

Мейримкул Мухамедияровна 1987 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Филолог, қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы» біліктілігімен бітірді. 1989 жылы Алматы энергетика институтының Орыс және шет тілдер кафедрасына қазақ тілі оқытушысы болып қабылданып, қазіргі уақытқа дейін жұмыс істейді. Жалпы еңбек өтілі – 43 жыл. Ғылыми-педагогикалық өтілі – 32 жыл.

90-нан астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы. Оның ішінде, «Қазақ тілі» және «Кәсіби қазақ тілі» пәндерінің әдістемелік қамтамасыз етілу картасының негізгі тізіміне енгізілген 11 оқу құралы, сондай-ақ бірқатар әдістемелік нұсқаулар бар. М.М. Тулеуптің оқу құралдарын Республиканың басқа да жоғары оқу орындары пайдаланады. Sozdik.kz оnline сөздігінің бірлескен авторы болып табылады, «Ересектерге арналған мультимедиялық қашықтықтан оқыту курсының» (ҚР БҒМ жобасы), «Қазақ тілінің өзін-өзі оқыту» мультимедиялық оқулығының әдіскері.

Ғылыми мақалалар қазақ филологиясы мәселелеріне, техникалық аударма мәселелеріне және техникалық ЖОО-да мемлекеттік тілді оқыту әдістемесіне арналған. Отандық және шетелдік халықаралық конференцияларда (Осакада, Парижде, Бішкекте және т.б.) баяндама жасайды, Скопус ДҚ және БҒСБК журналдарында мақалалары бар.

М.М. Тулеуп 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Тіл білімдері кафедрасының меңгерушісі лауазымында. Кафедра меңгерушісі ретінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруға және кафедраның ғылыми әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Мейримкул Мухамедияровнаның жетекшілігімен гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінім берілді, кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы отандық және шетелдік журналдарда және конференциялар жинақтарында, оның ішінде Скопус дерекқорында, РҒДИ индексациясымен басылымдарда, сондай-ақ нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда мақалалар жариялайды. Сонымен қатар, кафедраның ОПҚ студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырумен белсенді айналысады: ғылыми студенттік жобаларды басқаруды жүзеге асырады, жыл сайын «Өзекті мәселелер, инновациялар, Қазіргі әлемдегі лингвистика» атты студенттік ғылыми конференцияны, университеттік тілдік олимпиаданы, оның ішінде АЭжБУ студенттерінің ЖООаралық олимпиадаларға қатысуын қамтамасыз етеді.

Тіл білімдері кафедрасының мақсаты – ЖООаралық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту. А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институтымен бірлесіп халықаралық конкурстар, халықаралық конференциялар өткізіледі.

Мейримкул Мухамедияровна АЭжБУ-да үштілділік бағдарламасын іс жүзінде енгізуді және іске асыруды мақсатты түрде жүзеге асырады. Оның басшылығымен флешмобтар, қазақ, орыс және шет тілдері бойынша халықаралық, республикалық және университеттік конкурстар, оқытушылар, қызметкерлер мен студенттердің қатысуымен English Club отырыстары үнемі өткізіліп тұрады.

Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында университетте де, студенттік жатақханаларда да («Ғарыш күні», «Қазақстан халқының бірлігі күні») мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізеді, театрларға, мұражайларға және т.б. жиі барып тұрады.

М.М. Тулеуптің еңбек қызметі ЖОО басшылығы тарапынан ғана емес, республикалық деңгейде де жоғары бағаланды. 2018 жылы Мейримкул Мухамедияровна ҚР Білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің алғыс хатымен; 2020 жылы – ұзақ жылдар бойы университетке адалдығы, жұмыстағы жоғары көрсеткіштері, университеттің имиджін және беделін нығайту бойынша жігерлі және жанқиярлық еңбегі үшін АЭжБУ КеАҚ ректорының алғыс хатымен марапатталды.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге әрі қарай белсенді ғылыми ізденіс, дарынды оқушыларды, үлкен жеке бақыт, зор денсаулық және барлық бастамаларыңызға табыс тілейді! Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен адалдығыңыз біздің елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!

 

 

ENERGO UNIVERSITY