Төмендегі форманы толтырыңыз, біз сізбен байланысамыз!
Жауап:
Бейіндік пәндер: математика және физика
Жауап:
АЭжБУ-ге ақылы бөліміне түсу баллы - 50, Әр пәннен кем дегенде 5 болуы керек.
2021-2022 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бойынша өту балдары
№ | Білім беру бағдарламалары топтарының атауы | жалпы конкурс бойынша | ауылдық квота бойынша |
1 | В057-Ақпараттық технологиялар | 106 | 84 |
2 | В058-Ақпараттық қауіпсіздік | 81 | |
3 | В059-Коммуникация және коммуникациялық технологиялар | 80 | 72 |
4 | В062-Электр техникасы және энергетика | 64 | 54 |
5 | В063-Электр техникасы және автоматтандыру | 78 | |
6 | В064-Механика және металл өңдеу | 50 | |
7 | В067-Әуе көлігі және технологиялар | 69 | |
8 | В094-Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар | 69 | 63 |
9 | В183-Агроинженерия | 50 |
Жауап:
Гранттар білім беру бағдарламаларының топтарына бөлінеді. АЭжБУ жыл сайын білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысады. Өткен жылы АЭжБУ-ға мемлекеттік білім беру гранты бойынша бакалавриатқа 1670 талапкер, магистратураға 189 үміткер және докторантураға 18 үміткер оқуға түсті. Жалпы, Қазақстанда АЭжБУ-дың білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бакалавриатқа 9505 грант, магистратураға 2345 грант және докторантураға 181 грант.
Биыл АЭжБУ-дың білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бакалавриатқа 8593 грант бөлінген:
Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға 1915 грант бөлінген:
Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша докторантураға 146 грант бөлінген:
Сіз Call center-ге +7(707) 600-6419, +7(707) 600-6449 хабарласа аласыз немесе университеттің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Альмуратова Камшат Бимуратқызына хабарласа аласыз: +7 (708) 551-7701, +7 (707) 600-6493; эл.почта: pk@aues.kz.
Жауап:
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде басқа қаладан келген студенттерге жатақханадан орын беріледі. Университетте 1600-ден астам адам тұратын 3 жатақхана бар. Бөлмелер 2-4 білім алушының тұруына арналған.
Жатақханаларда университет студенттерінің тұруына және демалуына барлық жағдай жасалған. Жатақханалар мекен-жайы: №1 - Политехническая көшесі 1; №2 - Шашкина көшесі 14А; №3 - Шашкина көшесі 14. Әр қабатта тұрмыстық бөлмелер бар, онда студенттер тамақ дайындайды, кір жуатын орын да қарастырылған. № 2 және 3 жатақханаларда әр секцияда, ал № 1 жатақханада – әр қабатта санузел және себезгі бөлмесі орналасқан. Барлық жерде демалуға арналған бөлмелер, оқу залдары, буфеттер мен асханалар бар.
№ 3 жатақханада студенттік өмірдің орталығы болып табылатын "Энтел" Жастар орталығы орналасқан. Мұнда КТК командалары, "Брейн-ринг" клубы, би ұжымдары, әншілер жұмыс істейді, барлық студенттік конкурстарға дайындық жүргізіледі, әр түрлі іс-шаралар, дискотекалар және т. б. өткізіледі.
Жатақханалар университетке жақын орналасқан. № 1 жатақхана-шамамен 500 метр, ал № 2 және 3 жатақханалар – оқу ғимараттарынан 3 аялдамада. Әдетте біздің студенттер бұл қашықтықта жаяу жүреді, қоғамдық көліктермен де қатынауға болады.
Университетке келесі көлік түрлері арқылы жетуге болады: автобустар 30, 79; троллейбустар 7,9,11; Аялдама – Энергия институты
Жатақхана маңында (5-10 минуттық жаяу жерде) келесілер орналасқан: «Forum Almaty» ОСО; Республика алаңы (Алматы қ. әкімшілігі); Ботаникалық бақ; «Достык» саябағы; «Есентай» саябағы; Есентай өзені; «Esentai Mall» СО; «Рамстор» супермаркеті; «Magnum express» супермаркеті; «Жас Канат» Сквер; 20-ға жуық дүкендер; 10 сұлулық салоны; 10 шаштараз.
Біздің жатақханалар қаланың көрікті жерлеріне тез және оңай жететін жерде орналасқан: Биік таулы Медеу мұз айдыны; Көк Төбе; Орталық стадион; Шаңғы трамплиндері кешені.
Жауап:
Бекітілген үлгіде өтініш толтыру қажет.
ҚР басқа облыстарынан келген талапкерлер Қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыру керек:
1. Өтініш.
2. жеке куәлігі (көшірме).
3. 3- 3\4фотосурет.
4. тұрғылықты мекенжайы туралы анықтама (ХҚКО).
Жоғары курс студенттері (Студенттерге қызмет көрсету орталығына):
1. Өтініш.
2. жеке куәлігі (көшірме).
3. студенттік билет.
Білім алушылар мен талапкерлерге арналған жатақханадағы орындар арнайы комиссияның отырысында бөлінеді. Өтініш берген барлық адамдар Комиссия қабылдаған шешім туралы бұйрықты АЭжБУ-дың ресми әлеуметтік беттерінде орналастыру арқылы хабардар етіледі. Комиссия немесе ЖСД директоры мақұлдаған өтініш иелерімен жалдау шартына қол қойылады
Жауап:
АЭжБУ Қабылдау комиссиясы 1 ақпаннан бастап 25 тамызға дейін жұмс істейді. Сіз Call center-ге +77273231175 хабарласа аласыз немесе университеттің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Альмуратова Камшат Бимуратқызына хабарласа аласыз: +7 (708) 551-7701, +7 (707) 600-6493; эл.почта: pk@aues.kz.
Жауап:
Сіз университеттің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Альмуратова Камшат Бимуратқызына хабарласа аласыз: +7 (708) 551-7701, +7 (707) 600-6493; эл.почта: pk@aues.kz.
Жауап:
Мамыр-маусым ҰБТ-ның бір ғана нәтижесімен сіз мемлекеттік білім грантына үміткер бола аласыз