Ректор блогы




Сагинтаева Сауле Саветовна

«Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ» КеАҚ ректоры, математика профессоры,
физика-математика ғылымдарының кандидаты, экономика ғылымдарының докторы,
Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі

 

Алматы энергетика және байланыс университетінің сайтына қош келдіңіздер!
Сіз Қазақстан және Орталық Азиядағы техникалық бейіндегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылатын АЭжБУ-дың үлкен, әрі тату командасының мүшесі атандыңыз.
Алматы энергетика және байланыс университетінің тарихы Қазақ политехникалық институтында инженер-энергетиктерді даярлайтын энергетика факультеті ашылған сәттен, яғни 1960 жылдан бастау алады.
1975 жылы факультет дербес жоғары оқу орны – Алматы энергетика институты болып қайта құрылды. Сол сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы энергетика және байланыс университеті ұлттық білім беру жүйесі мен посткеңестік кеңістікте энергетика, аэроғарыш және IT салаларының кадрларын даярлайтын көшбасшы білім ордасы болып табылады.
Бүгінде АЭжБУ – сапалы білім беру мен алдыңғы қатарлы білім, өзекті ғылыми зерттеулер мен студенттік жобалар орталығы.
АЭжБУ – мемлекет пен қоғам, академиялық және кәсіби қауымдастық тарапынан мойындалған жоғары оқу орны. Бұған дәлел - жоғары оқу орнының мемлекеттік аттестациясы мен оның барлық білім беру бағдарламаларының аккредиттелуі. 
АЭжБУ – мемлекеттік органдарда басшылық қызметтер атқаратын, экономиканың нақты секторларының барлық деңгейінде жұмыс істейтін және еліміздің экономикасының, ғылымы мен білімінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген 40 мыңнан астам табысты бітірушісі бар оқу орны.
АЭжБУ – оқу мен спорттағы үлкен жетістіктерге, жарқын сәттер мен ұмытылмас шараларға толы студенттік өмір сыйлайтын білім ордасы.
АЭжБУ «Өмір бойы білім алу» қағидатын ұстанады және Колледж – Бакалавриат – Магистратура – PhD докторантура – МВА – инженерлік және педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру сияқты білім берудің үздіксіз кезеңін іске асырады.
АЭжБУ дипломы – сапа мен жұмысқа орналасу кепілі!
Университеттің барлық қызметі студенттерге жеке тұлға ретінде дамуларына және кәсіби маман иесі атануларына жағдайлар жасауға бағытталған.
АЭжБУ-дың ауқымды халықаралық байланыстары студенттер мен оқытушыларға серіктес жоғары оқу орындарында оқуға және тағылымдамадан өтуге мүмкіндіктер береді. 
Талапкерлерге болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауда, студенттер, магистранттар мен докторанттарға оқуда сәттілік,  ал әріптестеріме басты міндеттерін атқаруда, яғни еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеуде аянбай еңбек етулерін тілеймін.
Баршамызға биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылыста биік шыңдардан көрінуді тілеймін.

Жиі қойылатын сұрақтар:

Сұрақ: АЭжБУ бакалавриат мамандығына түсу үшін қандай пәндерді таңдау керек?

Жауап:

АЭжБУ-дың кез келген мамандығына түсу үшін математика және физика бейіндік пәндерін таңдау керек.

Сұрақ: АЭжБУ-ге мемлекеттік гранттарға түсуге болады ма?

Жауап:

Иә, АЭжБУ-дың барлық білім беру бағдарламалары мемлекеттік гранттар конкурсына қатысады.

Сұрақ: Университетке құжаттарды қабылдау қашаннан басталады?

Жауап:

Құжаттар ақылы оқуға 1 ақпан - 25 тамыз аралығында жүргізіледі.

Сұрақ: АЭжБУ дайындық курстары бар ма?

Жауап:

Иә, университетте 11-сыныптар үшін ҰБТ-ға дайындық курстары бар.

Толық ақпаратты Біліктілікті арттыру институтының бас маманы Сайран Адилгажықызынан 8 727 323 11 75 (Ішкі нөмірі 6945) нөміріне хабарласып біле аласыз.

Сұрақ: Оқу ақысы қанша?

Жауап:

АЭжБУ-де таңдалған мамандыққа байланысты оқу ақысы жылына 700 000 теңгені құрайды. Оқу ақысының бағасы туралы толық ақпарат мұнда

Сұрақ: Бакалавриат бағдарламасына түсу үшін қандай құжаттарды тапсыру керек?

Жауап:

Өтініш;

Білімі туралы құжат және қосымша (түпнұсқа);

ҰБТ және ТКТ сертификаттары;

3*4 фотосурет – 2 дана;

Денсаулық паспорты (егу картасы);

Жеке куәлігінің көшірмесі;

Салыстыру үшін барлық құжат көшірмелерімен қоса түпнұсқалары берілуі керек. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Сұрақ: Құжаттарды қайда өткізу керек?

Жауап:

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.  Байтұрсынов к., 126/1, А ғимараты, Алматы энергетика және байланыс университетінің қабылдау комиссиясына.

Сұрақ: Менің құжаттарды ерте тапсыруым оқуға түсуіме әсер етеді ме?

Жауап:

Жоқ, әсер етпейді. Біз үшін Сіздің белгіленген мерзімнен кеш қалмағандығыңыз маңызды.

Сұрақ: Біздің университетте магистратурада міндетті шетелдік тағылымдама бола ма?

Жауап:

Міндетті тағылымдама ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 22-тармағында көзделген.

Тағылымдамадан Қазақстан Республикасының ішінде де, жақын және алыс шетелдерде де өтуге болады.

Сұрақ: Қайырлы күн. Университетті бітіргеннен кейін бакалавриатқа түскендер үшін гранттарды өтеу қарастырылған. Егер магистратураға түсу жоспары болса, не істеу керек?

Жауап:

Жұмыспен өтеу мемлекеттік тапсырыс бойынша кемінде 3 жыл мерзімге барлық білім алушылар үшін міндетті шарт болып табылады. Магистратураға түсу кезінде жұмыспен өтеу магистратурада оқу кезеңіне кейінге қалдырылады.

Сұрақ: АЭжБУ колледжіне түсушілерге құжаттар қашан қабылданады?

Жауап:

Күндізгі оқу түріне  20 маусым - 20 тамыз аралығында, ал сырттай оқу түріне 20 маусым -  20 қыркүйек аралығында қабылданады.

Сұрақ: Жатақхана қанша орынға есептелген?

Жауап:

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде 1600-ден астам адам тұра алатын 3 жатақхана бар.

Сұрақ қою