Құрметті «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ білім алушылары, оқытушылары мен жұмыскерлері, Университеттің Комплаенс қызметінің парақшасына қош келдіңіздер!
Біздің Университет өз қызметін қолданыстағы заңнама талаптарына, педагогикалық этика қағидаттарына және Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Комплаенс қызметінің негізгі функциясы – Университет қызметінің ҚР заңнамасы, сондай-ақ Университеттің ішкі ережелері мен рәсімдері талаптарына сәйкестігін ішкі бақылауды жүзеге асыру.
Сіз бұзушылыққа тап болдыңыз ба?
Бізге хабарлаңыз - біз құпиялылыққа кепілдік береміз.
Университеттің оң имиджін одан әрі сақтау мақсатында Комплаенс қызметі заңнаманы және/немесе Академиялық адалдық кодексін бұзушылықтарды, оның ішінде кемсітушілік, этикалық емес мінез-құлық жағдайларын және Университет қызметіне қатысты өзге де бұзушылықтарды уақтылы анықтау және болдырмау үшін жедел желіні іске қосты.
Комплаенс қызметінің жедел желісі ашықтық және адалдық қағидаттарына бейімділігін көрсететін корпоративтік мәдениетті дамытуға және қолдауға ерекше назар аударады. Бұл желі білім алушылардың, оқытушылар мен жұмыскерлердің, сондай-ақ Университет серіктестерінің жүгінуіне арналған.
Бізге қоңырау шалыңыз немесе жазыңыз, біз барлық өтініштердің қаралуын қамтамасыз етеміз.
ұялы тел.: +7 707 600 64 51 (whatsapp)
жұм. тел.: +7(727) 323 11 75 (ішкі 62-09)
e-mail: s.tleugalikyzy@aues.kz, каб 225 (А корпус)