САГИНТАЕВА САУЛЕ САВЕТОВНА
АЭжБУ Ректоры, экономика ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, математика профессоры,
Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.
1987ж.М.В. Ломоносов ат. Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетін тәмамдаған. 1991 ж. Қазақ ССР Ғылым академиясының Аспирантура – математика және механика институтын бітірген.
КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕСІ
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
-“Гладкие корректно-разрешимые расширения линейных операторов в банаховом пространстве” кандидаттық диссертациясы (01.01.01 – Математический анализ);
-“Оптимизация товарных и финансовых потоков в экономике Республики Казахстан” докторлық диссертациясы (08.00.13 – математические и инструментальные методы экономики);
– «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті өсімін қаржылық-инвестициялық қамтамасыз етудің концептуалдық негіздері мен механизмдерін әзірлеу» ҚР БҒМ іргелі зерттеу тақырыбы бойынша;
– «АӨК кәсіпорындарында инвесторлардың қатысуы және кәсіпорындарды қаржылық қамтамасыз ету механизмдерін әзірлеу» ҚР АШМ қолданбалы зерттеулер тақырыбы бойынша;
– «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ жобасы бойынша ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің тапсырысы бойынша орындалған нәтижесіне бағытталған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеу жүйесіне көшу бойынша ( «Бюджет аралық қатынастар», «Мемлекеттік қарыз», «Ұлттық қор»; бөлігі бойынша):
–Еуразиялық даму банкі техникалық ықпалдастыру қорының желісі бойынша өңірлік интеграциялауды зерттеу бағдарламасы (басылым жобаларының конкурсына грант).
НАГРАДАЛАРЫ
– Ленин стипендиясының иегері (1982-1983);
– Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хаты(2006);
– ҚР БҒМ «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2009);
– ҚР Экономика және бюджеттікжоспарлау министрлігінің Құрмет грамотасы (2009);
– ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2015).
ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР
– Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының диссертациялық кеңес мүшесі;
– Аккредиттеу мен рейтинг бойынша тәуелсіз агенттігінің сарапшысы (ЖОО мен білім бағдарламаларын аккредиттеу):
С.Сейфуллин ат. ҚазАТУ (сараптау комиссиясының төрайымы),
Қаз ХҚжӘТУ (сараптау комиссиясының төрайымы);
– Алматы технологиялық университеті, Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ (сараптау комиссиясының төрайымы), «Тұран-Астана» университеті (сараптау комиссиясының төрайымы), Сулейман Демирель ат. университет (сараптау комиссиясының төрайымы);
– Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау алды компаниясының сенімді тұлғасы;
– ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаты депутаттарының сайлауы кезінде сайлау учаскелерінің төрайымы. 120-дан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жарияланымдардың авторы, оның ішінде: 5 монография, 6 оқулық және оқу құралдарының авторы.