Ректор

НЫҒЫМЕТОВ ҒАНИ САҚТАҒАНҰЛЫ


Нығыметов Ғани 1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (халықаралық қатынастар саласындағы маман), АҚШ-тағы Монтерей халықаралық зерттеулер институты (мемлекеттік басқару магистрі) сонымен қатар, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін (іскерлік әкімшілендіру магистрі) бітірген.

Гарвард университетінің Кеннеди атындағы басқару мектебінде, Сингапур ұлттық университетінде басшылардың біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Еңбек жолын Нью-Йорктегі БҰҰ Даму Бағдарламасының штаб-пәтерінде тағылымдамадан бастады.

2007-2009 жылдары - "ҚР Үкіметі және Ұлттық Банкі жанындағы Ұлттық талдау орталығы" АҚ мемлекеттік басқару департаментінің жоба менеджері.

2010-2013 жылдары - Назарбаев Университеті Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, Назарбаев Университеті Энергетикалық зерттеулер орталығы бас директорының орынбасары.

2013 пен 2016 жылдар аралығында - ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті.

2016-2018 жылдары - "Стратегиялық бастамалар орталығы" ЖШС атқарушы директоры, "Еуразиялық интеграция институты" ЖШС директоры болып жұмыс істеді.

2018 ж. мамыр мен 2020 ж. мамыр аралығында — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі меңгерушісінің орынбасары, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2020-2022 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.

2023 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Парламент Сенат Аппараты Басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.


ENERGO UNIVERSITY