Университет басшылығы

Әліпбаев Қуаныш Арынғожаұлы


Қуаныш Арынғожаұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика және Қазақстан инновациялық университетінің қаржы саласындағы бакалавр дәрежелеріне, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика саласындағы магистр және PhD дәрежелеріне ие.

Қуаныш Арынғожаұлы еңбек жолын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде инженер-бағдарламашы ретінде бастады, банктік сервистік қызмет көрсету бөлімінде жұмыс істеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

2017 жылдан бастап Алматы энергетика және байланыс университетінде ғылыми-педагогикалық қызметін кафедра доценті, кафедра меңгерушісі, 2021 жылдан бастап Байланыс және ғарыштық инженерия институтының директоры ретінде жалғастырды.

Қуаныш Арынғожаұлы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі, "Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік" басымдығы бойынша ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі, "Телекоммуникациялар" және "Инженерия және инженерлік іс", "Механика және металл өңдеу, Геофизикалық инжиниринг және технологиялар" мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің мүшесі болып табылады. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанындағы ғарыш қызметі саласындағы кәсіби стандарттар мен салалық біліктілік шеңбері бойынша сарапшы, Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігінің (IAAR) сарапшысы.

Ол 2019 жылы Қазақстан Республикасының ЖОО-ның Үздік оқытушысы және 2020 жылы Қазақстан Республикасының Үздік инженері деп танылды. "Ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталған.


ENERGO UNIVERSITY