Дәукей Серікбек Жүсүпбекұлы
ЛАУАЗЫМЫ: Ғұмарбек Дәукеев атындағы «Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі.
ӨМІРБАЯНЫ: Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ политехникалық институтын (1972) бітірген. Тау-кен инженер-геофизигі, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты (1989, Мәскеу), диссертация тақырыбы: «Сейсмостратиграфикалық талдау негізінде Шығыс Іле ойпатының геологиялық құрылуы және мұнайлы-газ келешегі». Геология-минералогия ғылымдарының докторы (1996, Мәскеу), диссертация тақырыбы: «Экономиканы реформалау жағдайында Қазақстанның минералды-шикізат кешені дамуының, пайдалы қазбаларды орналастырудың және геологияның негізгі проблемалары». Қ.И.Сәтпаев атындағы сыйлықтың иегері, 126 ғылыми еңбектің, оның ішінде 7 монографияның авторы. «Орталық және Шығыс Азияның континенталды ойпаттары» (1988), «Жоғары орналасым элементі бар діріл-сейсмикалық жұмыстардың әдістемесі мен технологиясы» (1989) кітаптарының бірлескен авторы. «Нарықтық экономика жағдайында жер қойнауы жүйесін реттеу және басқару тұжырымдамалары» (1994) авторы және әзірлеушісі. «Қазақстанның минералды ресурстары» Атлас карталарының және 20-дан аса пайдалы қазбалар бойынша анықтамалардың авторлық ұжымының басшысы (1996): «Экономика және геологиялық барлау өндірісін басқару» (1999); «Қазақстанның терең құрылымы және минералды ресурстары», Том I – III(2002).
ЕҢБЕК ЖОЛЫ: Институтты бітіргеннен кейін: инженер- геофизик, аға геофизик, далалық геофизикалық партияның бас инженері, Іле геофизикалық экспедициясының бас геофизигі (1972-1983); бас инженер, Алматы тәжірибелік-әдістемелік экспедицияның бастығы (1983-1987); Алматы «Казгеофизика» бірлестігінің бас геофизигі (1987-1988); Алматы тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының бастығы (1988-1992); ҚР Геология министрінің бірінші орынбасары (1992-1993); ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрі (1997-1999); ҚР Экология және қоршаған ортаны қорғау министрі (1999-2000); Атырау облысының әкімі (2000-2002); ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Президенті, сонымен қатар К.И.Сәтпаев атындағы Геологиялық ғылым институтының директоры (2002-2004); «DATA Инвест» ЖШС Басқармасының төрағасы (2004-2014); «DATA Майнинг» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы (2008 ж. бастап) болып жұмыс істеген.
МАРАПАТТАРЫ:«Құрмет» ордені (2000); «Қажырлы еңбегі үшін» медальдарымен (1986); «Астана» (1998) медалі; «ХШЖК» күміс медалі (1988); «Жер қойнауын барлау үздігі» (1987); «Амангелді газ кен орнын тұңғыш ашушы» (1997); «Жер қойнауының құрметті барлаушысы» (2002) белгілерімен марапатталды.