Сагинтаева Сауле Саветовна
ЛАУАЗЫМЫ:АЭжБУ ректоры, экономика ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, математика профессоры, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.
ӨМІРБАЯНЫ:1987 ж. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Механика-математика факультетін тәмамдаған. 1991 ж. Қазақ ССР Ғылым академиясының Математика және механика институтының аспирантурасын бітірген.
КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕСІ:
– Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 5-12 хаттамасының шешімімен «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры болып тағайындалды;
– Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (Нұр-Сұлтан қ.) – Стратегиялық даму және ғылым жөніндегі проректор; Академиялық қызмет жөніндегі проректор;
– Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (Нұр-Сұлтан қ.) – «Информатика және қолданбалы экономика» кафедрасының меңгерушісі;
– Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің Экономика және қаржы институты (Астана қ.) – Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор;
– Қазақ мемлекеттік басқару академиясының филиалы (Нұр-Сұлтан қ.) – Оқу ісі жөніндегі проректор;
– М.В. Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалы (Нұр-Сұлтан қ.) – доцент;
– М. Ломоносов атындағы Еуразиялық нарық институты (Алматы қ.) – Оқу жұмысы жөніндегі проректор.
– ҚР ҰҒА Математика және механика институты – ғылыми қызметкер.
ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР:
– Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының диссертациялық кеңесінің мүшесі;
– Аккредиттеу мен рейтингілеу тәуелсіз агенттігінің сарапшысы (ЖОО мен білім бағдарламаларын аккредиттеу);
– С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ (сараптау комиссиясының төрайымы),
Қаз ХҚӘТУ (сараптау комиссиясының төрайымы);
– Алматы технологиялық университеті, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ (сараптау комиссиясының төрайымы), «Тұран-Астана» университеті (сараптау комиссиясының төрайымы);
– Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау алдындағы компаниясының сенімді тұлғасы;
– ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаты депутаттарының сайлауы кезінде сайлау учаскелерінің төрайымы. 120-дан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жарияланымдардың авторы, оның ішінде: 5 монография, 6 оқулық және оқу құралдары бар.
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРІ:
– «Гладкие корректно-разрешимые расширения линейных операторов в банаховом пространстве» кандидаттық диссертациясы (01.01.01 – Математикалық талдау);
– «Оптимизация товарных и финансовых потоков в экономике Республики Казахстан» докторлық диссертациясы (08.00.13 – Экономиканың математикалық және аспаптық әдістері);
– «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті өсімін қаржылық-инвестициялық қамтамасыз етудің концептуалдық негіздері мен механизмдерін әзірлеу» ҚР БҒМ іргелі зерттеу тақырыбы бойынша;
– «АӨК кәсіпорындарында инвесторлардың қатысуы және кәсіпорындарды қаржылық қамтамасыз ету механизмдерін әзірлеу» ҚР АШМ қолданбалы зерттеулер тақырыбы бойынша;
– «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ жобасы бойынша ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің тапсырысы бойынша орындалған нәтижесіне бағытталған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеу жүйесіне көшу бойынша («Бюджет аралық қатынастар», «Мемлекеттік қарыз», «Ұлттық қор»; бөлігі бойынша):
– Еуразиялық даму банкі техникалық ықпалдастыру қорының желісі бойынша өңірлік интеграциялауды зерттеу бағдарламасы (басылым жобаларының конкурсына грант).
МАРАПАТТАР:
– Ленин стипендиясының иегері (1982-1983);
– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хаты (2006);
– Мемлекеттік грант және «ЖОО-ның 2008 жылғы үздік оқытушысы» төсбелгісінің иегері;
– ҚР БҒМ «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2009);
– ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Құрмет грамотасы (2009);
– ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2015).