Университет басшылығы

Коньшин Сергей Владимирович


ЛАУАЗЫМЫ:Техника ғылымдарының кандидаты (Ph.D of technical sciences), ҚР ЖАК доценті, АЭжБУ Телекоммуникациялық жүйелер және желілер кафедрасының профессоры.

КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕСІ:Алматы энергетикалық  институтын бітіргеннен кейін мансаптың барлық сатыларынан өтті:

АЭИ Ғылыми-зерттеу секторының кіші ғылыми қызметкері, инженері. АЭИ Радиотехника кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті (1997 ж. бастап – АЭжБИ). АЭжБИ «Телекоммуникациялық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі (2010 жылдан бастап – АЭжБУ), Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор (академиялық қызмет).

Қоса атқарушылық бойынша техникалық және қаржылық сараптамалар, инвестициялық бағдарламаларды сараптамалық бағалау, шығын және шығыс нормалары, персоналдың нормативтік саны, негізгі құралдарды жөндеу және т.б. бойынша сараптамалық топтың құрамында жауапты орындаушы ретінде жұмыс атқарды: «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «НҰРСАТ» АҚ, «Қазпошта»АҚ.

«380340-Радиотехника», «380540-Радиобайланыс, радиохабар және теледидар», «380740-Жылжымалы байланыс жүйелері мен құралдары», «380940-Радиобайланыс және радионавигация» мамандықтары бойынша жоғары кәсіби білімнің (инженер); «553850-Радиоэлектроника және телекоммуникациялар» дайындық бағыты бойынша және «6N7019– Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша  жоғары кәсіби ғылыми-педагогикалық білімнің (магистр); «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша жоғары кәсіби (бакалавр) және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура, докторантура) білімнің мемлекеттік стандарттарын әзірлеуге қатысты.

120-дан астам ғылыми және оқу жұмыстары бар, мысалы: Радиобайланыстың транкингтік жүйелері, 2000. Қазақстанның ауылдық байланыстары үшін сымсыз радиоқолжеткізудің желісін жоспарлау, 2001. Жылжымалы телекоммуникациялық радиожүйелер, 2003. Ұялы байланыстың базалық станцияларының қызмет көрсетуші персоналының жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, 2006. Ұялы байланыс параметрлерін есептеу, 2007. Орбитадағы спутниктердің қозғалыс теориясының негіздері, 2010. Оптикалық байланыс жүйелері, 2010.Сымсыз байланыс технологиялары, 2012

Сонымен қатар, жоғарыда аталған мамандықтар бойынша 11 үлгілік бағдарлама әзірледі.

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРҒА ҚАТЫСУЫ:

 (Жауапты орындаушы немесе ғылыми жетекші)

–     қол жеткізу желілерін құру нұсқалары және оларды Қазақстан Республикасының телефондандырылмаған елді мекендерінде қолдану жөніндегі ұсынымдар;

–   «Электр байланысы қызметтері (телекоммуникациялар)» электр байланысы бойынша салалық жіктеуіші;

–    телекоммуникация қызметтерінің көлемін, электр байланысы жұмысының құралдары мен сапасын бастапқы статистикалық есепке алу жөніндегі құрылымдар;

–    «Қазақстан Республикасының Бірыңғай телекоммуникация желісі» басшылық құжатының 1-кітабы,

–  Жергілікті телекоммуникация желілерін техникалық пайдалану ережелері;

– қалалық телекоммуникация желілерінің кабельдік құрылыстарын пайдалану жөніндегі басшылық;

–  телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесі; әмбебап қызмет көрсету операторын таңдау жөніндегі ұсынымдар; әмбебап қызмет көрсету тарифтері жөніндегі және әмбебап қызмет көрсету қорын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдар;

– ҚР ауыл тұрғындары үшін әмбебап телекоммуникация қызметтерін көрсету кезінде әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін шығындарды өтеу үшін ең жоғары мемлекеттік дотациялар мөлшерін есептеу әдіснамасы;

– техникалық және қаржылық сараптамалар, ҚР байланыс операторларының қызметін сараптамалық бағалау;

–  «Сарышаған» полигонының топтық-өлшеу кешенінде орнатылатын әртүрлі өндірушілердің радиотехникалық жабдықтарын қиыстыруға негіздеме;

– Қазақстан телекоммуникацияларын дамыту мақсатында жоғары жылдамдықты коммуникация құралдары аппаратурасын пайдалану үшін IP-бейне байланыс технологияларын зерттеу;

–  радиотолқындардың таралуына ғарыштық ауа райының әсерін зерттеу;

– биік ғимараттардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін математикалық үлгілер мен бағдарламалық өнімдерді зерттеу және әзірлеу

МАРАПАТТАР:

–  «Құрметті байланысшы»атағы (Почетный связист Казахстана) – 2005.

Әр жылдары қоса атқарушылық бойынша сараптамалар жүргізді:

–  Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің сарапшысы;

–  Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің сарапшысы (Телекоммуникациялар бойынша);

–  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сарапшысы (Ақпараттандыру және телекоммуникациялар бойынша)