Қашықтықтан білім беру

slider

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің оқу үдерісінде қашықтықтан білім беру технологиялары мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, сондай-ақ алмасу, ғылыми тағылымдама және академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша елден тыс жерлерге шыққан студенттерге қолданылады. Күндізгі оқу бөліміне қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі (колледжден кейін – оқу мерзімі 3 жыл) және жоғары білімі бар (екінші жоғары - оқу мерзімі 2 немесе 3 жыл, бірінші жоғары білім бойынша бағытқа байланысты) талапкерлер түсе алады.

Қашықтықтан білім беру технологиялары қазіргі уақытта өте өзекті және сұранысқа ие болып табылады. Олар білім беру жүйесінде кеңінен қолданылады, сондай-ақ белгілі бір құрылым мен мазмұнға ие. Қашықтықтан білім беру технологиялары - бұл заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын бірқатар білім беру технологиялары, бұл ретте оқытушы мен білім алушы арасындағы өзара қатынас қашықтықтан жүзеге асырылады. Бұл дәстүрлі оқытуды ұйымдастыруға тән көптеген шығындар азаятынын және студенттерге ауырлық түспейтінін білдіреді. Сондықтан қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту тек ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар әлдеқайда тиімді!

Біздің мүмкіндіктер

КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА ЖӘНЕ КЕЗ КЕЛГЕН ЖЕРДЕ ОҚУ

ЖЕКЕ ОҚУ ЖОСПАРЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ

ОҚУ МЕН ЖҰМЫСТЫ БІРІКТІРУ МҮМКІНДІГІ

ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ ОҚЫТУШЫЛАР