Университеттің Рейтингі Және Аккредитациялары

АЭжБУ және білім беру бағдарламалары рейтингі

АЭжБУ және білім беру бағдарламаларының рейтингі

Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттіктің мәліметтеріне сәйкес, 2017 жылы Қазақстанның үздік ЖОО ұлттық (бас) рейтингі жасалды. Ол академиялық статистикалық көрсеткіштерді талдау, сарапшылардың бағалауы және жұмыс берушілерден сауалнама жүргізу негізінде құрылған.

Институционалдық рейтингті есептеу әдіснамасы үш құрамдас бөлікке негізделеді: бірінші бөлік (сауалнама №1) – бұл жоғары оқу орнының академиялық ресурстарының сапасын бағалау, оған жалпы балл санының 70% бөлінеді; Екінші бөлік (сауалнама №2) – бұл жоғары оқу орындары қызметінің сапасын сараптамалық бағалау (15%); үшінші бөлік (сауалнама №3) - жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдарға әлеуметтік сауалнама жүргізу негізінде жоғары оқу орындарының қызметін бағалау (15%).