Университеттің студенттік өмірі



Студенттік өмір
Мұнда студенттік жылдарыңды өткізе отырып келесілерді түсінесін:
- АЭжБУ – бұл  АЛМАТЫ драйвы: қиын да қимас студенттік өмір;
- АЭжБУ – бұл сенен барлық жан ЭНЕРГЕТИКАсын талап ететін қиын ЖӘНЕ таңқалдырар қызықты білім ордасы;
- АЭжБУ – бұл ешқашан БАЙЛАНЫС үзбейтін достар табу мүмкіндігі;
- АЭжБУ – бұл  еліміздің үздік техникалық УНИВЕРСИТЕТІ ;
- АЭжБУ – бұл жүрегіңде МӘҢГІ қалатын оқу орны;
Біз студенттік өмірді неге дамытамыз? Оқумен шығармашылықты,  ғылымды, спортты, еріктілікті біріктіруге, өзін-өзі тануға мүмкіндік береді, жұмыстық белсенділікті арттырады, өз уақытынды тиімді жоспарлауды үйретеді, ой өрісін кеңейтеді. ЖОО оқудан тыс өміріне қатысу қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге, командада жұмыс істеуге, ұжымды басқаруға бағыттайды, ол өз күшіне сенімділікті арттырады және болашақ жетістіктерге жетуге кепілдік етеді. Қоғамдық жұмысқа шындап кірісу өмірлік қызмет жолыңыз болуы мүмкін. Көптеген шоумендер, музыканттар, спортшылар өзінің шығармашылық тәжірибесін студенттік секцияларға және үйірмелерге қатысу арқылы шындаған.

Неліктен біз студенттік өмірді дамытамыз?

«Ғибрат» – бұл ана тілімізді және қазақи құндылықтарымызды сақтай отырып, заманауи бағытта дамуды қолға алған бірегей ұйым. Ұйым құрамында қазақтың қара домбырасының құлағында ойнайтын «Домбырашылар» ұжымы, мың бұралған бишілерден құралған «Freestyle» би ансамблі, сондай-ақ көңілді тапқыр жастардың басын қосқан «Ғибрат» жайдарман тобы жұмыс жасайды. Сонымен қатар, танымал тұлғалармен кездесу ұйымдастыру арқылы жастарды патриоттық сезімге, ұлттық қасиеттерді сақтауға және адал достыққа тәрбиелейді. Сіздерді біздің ортада болуға шақырамыз! Саналы, тәрбиелі, патриот жастардың іргетасын бірге қалайық!

Enactus AUPET - «Enactus KAZAKHSTAN» жаһандық ұйымының бір бөлігі болып табылады. Бұл адамның өмірін кәсіпкерлік әрекеттер арқылы жақсартуды көздейтін халықаралық ұйым. Мұнда студенттер көшбасшылық дағдыларды дамытады, ұжымда жұмыс істей алады, тәжірибеде теориялық білімді қолданады, студенттерге нарықтық экономиканың негіздерін үйретеді.

Ұлағат ұжымы университет қабырғасында 2008 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Ұжымның жалпы, мақсаты ата-бабаларымыздан асыл мұра болып қалған тілімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық мәдениетімізбен қазақы құндылығымызды, төл тарихымызбен дара тұлғаларымызды бүгінгі жаҺандану заманына сай дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын берік ұстану.Осы мақсат аясында, университет қабырғасында патриоттық кештер, белгілі бір тұлғаға арнау ретінде конференция, поэзия кештері ұйымдастырылады.«Ұлағат» - үлкен отбасы. Бүгінде, ұжымды әр өңірден жиналған, сан алуан мамандықта білім алып жатырған бірақ, мақсаты мен мүддесі бір 80 – ге тарта студенттер құрайды.

"ССС" (Children Charity Club) - қайырымдылық ұйымы, оның мақсаты жетім балаларға көмек көрсету болып табылады. Біздің ұйым тікелей балалар үйлерімен жұмыс істейді. Негізгі міндет - студент жастар жүрегінде қайырымдылық, ықыластылық және арылту  көзқарас мәселелерін ояту. Әр жексенбі сайын біздің ұйымның еріктілері балалар үйіне барып тұрады. Сонымен қатар, біз балалар үйіндегі балалардың бос уақытын қызықты етіп өткізумен айналысамыз.Егер сіз біздің ортақ мүдемізде көрсеіңіз, қосылыңыз!

 

StudiA315 – бұл студенттік топ кез келген идеяға шығармашылық тәсіл тауып, әдемі жарқын, есте қаларлық бейне арқылы жүзеге асырады. Топ мүшелері университеттегі қызықты, үлгілі, нұсқаулық, кейде ойланнарлық сәттерді бейнекөріністерінде және әлеуметтік желілерде көрсетеді. Тек бір бейненің көрсетілім рекорды 200 мыңнан астам.

Ұйымдастырушы топқа қосылған студенттер әртүрлі мейрамдар мен жарыстарды ұйымдастырумен айналысады. Бұл сіздің жеке және ұйымдық қасиеттеріңізді дамытуға, сондай-ақ ұжымдық және коммуникативті тұлға болуға, көшбасшылық дағдыларды дамытуға, командалық жұмыста және басқаруда зор тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.

Студенттер кеңесі жатақхананың қоғамдық ұйымы болып табылады және өзін-өзі басқару жұмыстарын атқарады. Құрамына жатақханада тұратын студенттер мен мгистранттар кіреді. Студенттік кеңес білім беру, мәдени-бұқаралық, спорттық жұмыстарды ұйымдастыру және жатақхананың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында құрылады. Студенттер кеңесі оқытушыларымен, ғалымдармен, жазушылармен, ғылым және өнер өкілдерімен кездесу өткізеді және де дискотекаларды, тақырыптық кештерді, спорттық жарыстарды ұйымдастырады.

АЭжБУ КВН (орыс лигасы) – бұл ішкі ашық студенттік лига, университет студенттерінің шығармашылық қасиетін дамытады, жас таланттарды анықтап,қолдау көрсетеді, Алматы энергетика және байланыс университеті студенттері арасында КТК ойындарын насихаттайды. Бұл алаңда университетіміздің топтары, басқа университеттерден келген қонақ – топтарда алдын ала дайындап келген қойылымдарымен белгіленген тақырыптардағы сурып – салмалық қасиеттерде бәсекеге түсіп, шеберліктерін сыңайды.

«Жайдарман АУЭС» - Қазақ КВН Одағы «Жайдарман» ойындарына негізделген ішкі ашық студенттік лигасында әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық әзілдерді ұштастыра білген, өзгелерге көтеріңкі көңіл-күй мен сапалы әзіл сыйлауға дайын тұратын жайдарлы жастар жиналған. Лига ішінде бір-бірімен бәсекеге түсіп, сахнада шыңдалып өз өнерлерін көрстетін командалар өте көп, алайда кейбір командаларымыз университет қабырғасымен ғана шектеліп қоймай, қалалық, тіпті республикалық лигаларда да өз өнерін көрсетеді. 

АУЭС пікірсайыс клубы (орыс лигасы) - университетте студенттер арасында шешендік шеберлік, логикалық, сыни ойлау және көшбасшылық дағдыларын дамытуды жүзеге асыратын клуб. Клубтың мақсаттары: қоғамда әлеуметтік-саяси бағыттағы азаматтарды қалыптастыру; сыни ойлауды, сөйлеу дағдыларын, клуб мүшелерінің коммуникативтік дағдыларын дамыту; қоғамның назарын ең өзекті мәселелерге аудару; практикада талқыланатын мәселелері бойынша ықтималды шешімдер табу болып табылады; Қазақстан және халықаралық пікір-сайыс қозғалысының дамыту мен нығайту.

UNIX - бұл музыкалық клуб. «UNIX» атауы бірегей сөзден шыққан.  Клубтың миссиясы - музыкалық өнердің құралдары мен мүмкіндіктері арқылы студенттердің музыкалық, аспаптық және әлеуеттік қабілеттерін дамыту.  Біздің клубтың мақсаты студенттерді классикалық және заманауи музыкалық мәдениеттің құндылықтарымен таныстыру және дамыту.  Біздің клубтың негізгі міндеті - студенттерге музыкалық қабілеттерін дамытуға, сахнадан қорқуды жеңуге көмектесу.  Музыкалық қабілеттерді, талғамды, мұраттарды дамыту мен қалыптастыруға бағытталған музыкалық білім, білік пен дағдыларды игеру, адамды практикалық музыкалық және эстетикалық іс-әрекеттерге шабыттандырады.

AUES Dance club - бұл университетіміздің шығармашылық студенттік ұжымдардың бірі, би өнерінің дәстүрі мен бағыттпарын насихаттау және студенттердің шығармашылық дамуына жағдай жасау мақсатында құрылған. Егер сен би өнері мен ырғақ түсінсең, біздің қатарға қосыл!

Все виды казахских национальных видов спорта воспитывает в молодежи такие качества как СМЕЛОСТЬ, МУЖЕСТВЕННОСТЬ, РЕШИТЕЛЬНОСТЬ, присущие НАСТОЯЩЕМУ ПАТРИОТУ своей страны. КОКПАР является самым ДРЕВНИМ, самым МУЖЕСТВЕННЫМ, самым ЗРЕЛИЩНЫМ видом национальных спортивных игр. В связи с этим 5 ведущих вуза страны создали Национальную молодежную спортивную Лигу по кокпару( JKL) и организовали собственные команды-КазНУ им. Аль-Фараби,Казахский национальный аграрный университет,Казахская академия спорта и туризма,Алматинский университет Энергетики и связи,КазНПУ им.Абая.