Құжаттарды тапсыру

  • Кешенді тестілеуге (КТ) өтініштерді қабылдау 01 маусымнан 08 шілде аралығында
  • Жеке кабинетте КТ өткізу мерзімі, орны мен уақытын орналастыру - 13 шілде
  • КТ өту - 20 шілде 10 тамыз аралығында
  • Білім беру грантын тағайындау конкурсына өтініштерді қабылдау -12-15 тамыз аралығында 
  • Оқу қабылдау - 28 тамызға дейін

Магистратураға түсу үшін құжаттар

Оқуға түсу үшін сіз қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынуыңыз керек:

 Магистратураға түсуші тұлғалар:

1) Ректордың атына еркін түрде өтінішті;

2) жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа);

3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

4) 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

5) шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат:

- ағылшын тілін меңгеру бойынша: International English Language Tests System Academic ( Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 6.0; Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде - 60;

- неміс тілін меңгеру бойынша: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH) (ДЙСИЭИЧ) – В2 деңгейі; TestDaF-Prufung(тестдаф-прюфун) (TDF) (ТЙДИЭФ) – В2 деңгейі;

- француз тілін меңгеру бойынша: Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) ( ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес; Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В2 деңгейінен төмен емес; Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) - В2 деңгейінен төмен емес; Test de connaissance du français ( Тест де коннэссанс дю франсэ) ( TCF) (ТСФ) – В2 деңгейінен төмен емес;

6) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);

7) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда);

8) электрондық форматтағы 075-У нысанындағы медициналық анықтама.

Осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Конкурстық негізде білім беру гранты бойынша оқуға кешенді тестілеуден ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады: ғылыми-педагогикалық магистратура үшін – 75 балдан кем емес

ENERGO UNIVERSITY