IAIT хабарландыру

ҚҰРМЕТТІ ИАИТ СТУДЕНТТЕРІ!

Гумарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті АҚ 2023/2024 оқу жылының екінші семестрі қорытындысы бойынша босатылған мемлекеттік білім гранттарын беру конкурсын өткізетінін хабарлайды.

Конкурс «Бакалавр дәрежесін беретін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді төлеуге арналған мемлекеттік білім грантын беру ережелеріне» сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысқысы келетін студенттер төмендегі құжаттарды жинап, оларды Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының электрондық поштасына: isuit@aues.kz 2024 жылдың 1 тамызына дейін сағат 23:00-ге дейін жіберуі керек.

Құжаттар тізімі:

  1. GPA балын ашық түрде жариялауға келісім беру туралы көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш (Аты-жөні жеке куәліктегі деректерге сәйкес болуы керек). Өтініш үлгісі – Қосымша 2.
  2. Жеке куәліктің сканы (бір парақта).

Құжаттарды НАО АУЭС корпоративтік поштасынан жіберу сұралады, хабарлама тақырыбында көрсету: «Бос грантқа өтініш_Аты-жөні».

Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты бойынша бос гранттардың саны:

  №  

   Білім беру бағдарламаларының тобы  

Курс 

  Қазақ және орыс бөлімдерінің бос гранттар саны  

  1

В057-Информациялық технологиялар

  1 (ускоренное)   

 1

  2

В058-Ақпараттық қауіпсіздік

  1 (ускоренное)

 1

  3

В058-Ақпараттық қауіпсіздік

  1

 2

  4

В058-Ақпараттық қауіпсіздік

  2

 7

  5

В058-Ақпараттық қауіпсіздік

  3

 1

  6

В063-Электротехника және автоматтандыру

  1

 3

  7

В063-Электротехника және автоматтандыру

  2

 5

  8

В063-Электротехника және автоматтандыру

  3

 2

 

Конкурсқа ақылы негізде оқитын және конкурс өткізілген сәтте пәндер бойынша академиялық қарызы жоқ студенттер қатыса алады.

Конкурсқа қатысқысы келмейтін студенттерден институт дирекциясына жазбаша растауды жіберу сұралады.

Құрметпен, ИАИТ әкімшілігі

ENERGO UNIVERSITY