Ғұмарбек Дәукеев атындағы «АЭжБУ» КеАҚ жатақханаларында орын беру
Орналасу туралы өтініштерді қабылдау 10.08.2024 басталады
Университет жатақханасына орналасу 15.08.2024 ж. басталады
Жатақханаға орналасудың аяқталу күні – 16.09.2024 ж.
- Талапкерлер мен жеңілдік берілген адамдар 15-29 тамыз аралығында орналасады;
- 2-курс 30 тамыз бен 02 қыркүйек аралығында орналасады;
- 3-курс 03-06 қыркүйек аралығында орналасады;
- 4-курс 07-09 қыркүйек аралығында орналасады.
1. АЭжБУ жатақханаларында кім тұра алады?
Университет жатақханаларында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша немесе толық ақылы негізде оқитын және Қазақстан Республикасының шалғай облыстарынан келген студенттер, сондай-ақ шет мемлекеттердің азаматтары тұруға құқылы.
2. Орналасу кезінде кімнің артықшылығы бар?
Бірінші кезекте жатақханадағы орындармен білім алушылардың келесі санаттары қамтамасыз етіледі:
- кәмелетке толған кезде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар;
- I, II және III топтағы мүгедектер, мүгедек балалар қатарынан немесе I және II топтағы мүгедек ата-аналар (екеуі де немесе біреуі) болған кезде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар;
- ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға түскен ауыл жастары қатарындағы тұлғалар;
- оқу кезеңінде 21 жастан аспайтын білім алушыдан басқа, 18 жасқа дейінгі 3 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасылардан шыққан талапкерлер мен студенттер;
- мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша немесе толық ақылы негізде білім алушыларға және Республиканың шалғай облыстарынан келгендерге.
3. Қандай санаттарда жеңілдіктер бар?
Келесі талапкерлер мен студенттерден тұру ақысы алынбайды:
- жетім балалар;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар (Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларына сәйкес ҚР БҒМ 12.01.22 ж. бұйрығы, Бала кезінен мүгедектер);
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) балалар.
Ескертпе: Жеңілдіктерге құқығы бар талапкерлер мен студенттер қосымша келесі құжаттардың сканерлері мен көшірмелерін ұсынуға міндетті:
- ата-ананың немесе отбасы мүшелерінің бірінің мүгедектігі туралы куәлік;
- ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік;
- өзінің туу туралы куәлігі және кіші інілерінің және қарындастарының туу туралы куәліктері;
- растайтын құжаттар болған жағдайда жеңілдіктерге құқық беретін аурулар бойынша есепте тұрған студенттер:
- № 026 немесе № 027 нысанды ДКК анықтамасы;
- Растайтын құжаттар болған жағдайда 1, 2 және 3 топтағы мүгедектігі бар студенттер:
- мүгедектік туралы өзекті анықтама;
- жеңілдіктер беруді растайтын басқа құжаттар;
- Құжаттар тиісті емес көлемде және толық емес тізімде ұсынылған жағдайда жеңілдіктер берілмейді.
- Құжаттар кейінгі мерзімдерде ұсынылған жағдайда, Шарт қайта жасалған сәттен бастап жеңілдіктер беріледі, бұрын төленген сомалар қайтарылмайды.
4. Жатақханаға орналасу үшін қандай құжаттарды ұсыну керек (өзіңізбен бірге алып келіңіз)?
Келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- жеке куәлік (көшірмелер-3 дана);
- 3\4 фотосуреттер -3 дана;
- флюорография (жарамдылық мерзімі 10 айдан аспау керек);
- № 075-У медициналық анықтама.
5. Жатақханада орын беру кезінде қандай рәсім қарастырылған?
Жатақханада орын беру үшін өтініш (ректордың атына белгіленген үлгідегі) негіз болып табылады.
Өтініш:
- Platonus оқу порталына беріледі;
- барлық міндетті құжаттар сканерленген түрде қоса беріледі;
- өтініш берген барлық талапкерлер мен студенттерге комиссия қабылдаған шешім туралы хабарланады. Platonus порталы арқылы немесе университеттің ресми әлеуметтік беттерінде бұйрық орналастыру арқылы;
- талапкерлер берген өтініштен бас тарту немесе қанағаттандыру туралы хабарлама 2-3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қамтамасыз етіледі;
- өтініштерін АЭжБУ жатақханаларында орындарды бөлу жөніндегі комиссия мақұлдаған талапкерлермен және студенттермен Жалдау шарттарына қол қойылады;
- Шартқа қол қойылғаннан кейін және бірінші төлем енгізілгеннен кейін (кемінде 3 ай бұрын) талапкер жатақханаға орналасуға құқылы.
6. Жатақханаға орналасу тәртібі
- Жатақханадағы орынға жолдама (шарт) алған студент жатақханаға 3 жұмыс күні ішінде орналасуға міндетті.
- Егер белгіленген мерзімде орналасу мүмкін болмаса, студент бұл туралы өз институтының дирекциясына хабарлауға міндетті.
- 1-тармақ сақталмаған жағдайда орналасуға жолдама, шарт жойылады және студент Жатақханаға орналасу құқығынан айырылады. Уақтылы орналасуды бақылау институттар дирекциясына жатақхана меңгерушілерімен бірлесіп жүктеледі.
- Орналасу үдерісін институт директорлары КҮНДЕЛІКТІ қадағалайды.
- Оқу жылының басында Университеттің Жатақханасында орын алуға өтініш берген, бірақ жатақханада орын алмаған студенттер оқу жылы ішінде орын босаған кезде оған үміткер бола алады.
- Оқу жылы ішінде бір жатақханадан екіншісіне көшуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
ӨКІМ
Студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету жөніндегі ахуалдық орталық студенттердің тұрғын үй мәселелеріне жедел ден қою үшін белсенді жұмыс істейді. Өз қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру үшін Орталық 24/7 және тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталықты іске қосты.
Call-орталық студенттерге тұрақты қолдау көрсетіп, тәулік уақытына қарамастан жатақханаларда орналасуға байланысты мәселелерді тез шешуге мүмкіндік береді. Call-орталықтың барлық жұмысы мәселелерді жедел шешуге, орындардың болуы және өтінім беру үдерістері туралы өзекті ақпарат беруге, сондай-ақ тосын жағдайларды шешуге көмектесуге бағытталған.
Call-орталықтың байланыстары:
моб.тел.: +7 707 649 74 06 (whatsapp)
e-mail: al.kalila@aues.kz , каб 120A (корпус А)