Білім беру бағдарламасының түрі |
Жаңа БББ |
Білім беру бағдарламасының тобы |
M094 – Ақпараттық технологиялар |
Білім беру бағдарламасының атауы |
7M06104 – Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігі (ғылыми-педагогикалық бағыт) |
№, күні, айы және жылы көрсетілген білім беру қызметін жүргізуге арналған лицензия |
2020 жылғы 05 мамырдағы № KZ80LAA00018161 лицензия |
ҰБШ деңгейі |
Магистратура, 7 деңгей |
Білім беру бағдарламасын аккредиттеу |
жоқ |
Түсу кезінде өту балы |
75 |
Бейіндік пәндер |
Ақпараттық қауіпсіздік инциденттері мен тәуекелдерін басқару; Ақпараттық-аналитикалық қауіпсіздік жүйелерін жобалау; Ақпараттық қауіпсіздік жүйелеріндегі Big Data технологиялары. |
Оқу ұзақтығы: - жоғары білімнен кейін |
2 жыл (ғылыми-педагогикалық бағыт) |
Диплом алудың міндетті шарты |
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша кемінде 120 кредитті (ECTS) игеру |
Оқыту тілі |
Қазақ/орыс |
Оқу жылы |
Жалпы оқу мерзімі - 4 семестр (әр семестрде 15 апта) |
Берілетін дәреже |
Техника ғылымдарының магистрі (ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратура) |
Академиялық ұтқырлық |
Ұлттық зерттеу ядролық университетімен " МИФИ" қос дипломды бағдарлама |
Оқыту нәтижелері |
RO-01. Гуманитарлық, әлеуметтік және білім беру ғылымдарының теориялары мен әдістерін кәсіби қызметтің түрлі түрлерінде қолдану. Өз-өзін дамытуға және жаңа экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени жағдайларға бейімделуге ұмтылу. |
«Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының мақсаты – алдыңғы қатарлы ІТ-технологиялар мен АҚ мүмкіндіктерін шоғырландыруды, компьютерлік ақпаратты кешенді қорғауды әзірлеу, пайдалану және уақтылы қамтамасыз ету арасындағы интеграцияны, ақпараттық қауіпсіздік аудитін жоспарлау мен бақылауды және киберқауіптерді бағалауды, аақпараттық тәуекелдерді талдауды қамтамасыз етуге және соған сәйкес ұйымның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға қабілетті жоғары білікті мамандарды дайындау.
Бағдарламаның артықшылықтары:
1. Тәжірибеге бағытталған: Білім беру процесі бизнес әлемі мен мемлекеттік органдардың нақты жағдайлары мен сценарийлерімен белсенді өзара әрекеттесу негізінде құрылады.
2. Халықаралық мойындау: "МИФИ" ҰЗЯУ оқу бағдарламасының бөлігі ретінде екі диплом алу мүмкіндігі, бұл халықаралық мансап мүмкіндіктеріне жол ашады.
3. Сарапшылар құрамы: Бағдарлама оқытушылары ақпараттық қауіпсіздік саласында көп жылдық тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар.
Мансап мүмкіндіктері:
Магистратура түлектері мемлекеттік және коммерциялық ұйымдардың, банктер мен муниципиалдық мекемелердің, күштік ведомстволардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларында, сондай-ақ телекоммуникация саласындағы кәсіпорындар мен мекемелерде жұмысқа орналаса алады. Сондай-ақ қауіпсіздік қызметінің маманы, жүйелік әкімші, байланыс құрылымдарында, өнеркәсіпте, көлік қызметтерінде, ғылым мен білім беруде, медицинада, ауыл шаруашылығында, экономикада, бизнесте және басқа да салаларда қорғалған инфокоммуникациялық желілер мен деректер базасын жобалаушы қызметін атқара алады. Кәсіби қызметтен басқа, магистратура түлектері PhD докторантурасында оқуын жалғастыра отырып, ғылыми-педагогикалық қызметпен айналыса алады, сондай-ақ жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметпен айналыса алады. «Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі» білім беру бағдарламасының магистратура түлектерінің еңбек нарығында сұранысқа ие болу деңгейі өте жоғары.