8D07101 -Электр энергетикасы

Электр энергетика және электртехника институтының доктарантурасының оқу бағдарламасымен оқыған бітіруші - ол өндірістік қызмет саласындағы, электр энергиясын өндіру, беру, бөлу және тұтыну, сондай-ақ ұйымдық және басқарушылық қызмет саласындағы, білім саласындағы ғылыми, педагогикалық және кәсіптік қызмет жасай алатын білікті маман. Бітіруші ғылыми зерттеу жұмыстарымен және ғылыми-техникалық жобаларымен өздік жұмыс жасауға дайын болып шығады. 

«Электр энергетика» оқу бағдарламасына 6D071800 – Электр энергетикасы бағыты енген.

Доктарантураның «ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ» оқу бағдарламасы

 «Электр энергетикасы» оқу бағдарламасы бойынша бітірушіге «PhD докторы» ғылыми дәреже беріледі.

Бағыттық пәндер:электр энергетиканың ғылыми-техникалық мәселелері.

Оқыту тілдері: орысша.

Білім бағдарламасы шеңберіндегі оқыту бағыты:

- Релелік қорғаныс және электрмен жабдықтау;

- Электр тораптары мен жүйелері;

- Технологиялық кешендердің электр жетегі және автоматтандырылуы;

- Қайта жаңғыртылатын энергия көздері.

Кәсіби қызмет көрсету салалары – өндірістегі жұмыс жағдайларын жақсарту үшін, электр энергиясын өндіру, бөлу және тұтыну, сонымен қатар эксплуатационды көрсеткіштері жоғары, бәсекеге мықты электр жетек жүйелерін зерттейтін, адамзат қызметінің амалдары мен әдістері, технологиялар жиынтығы кіретін, ғылым және техника облысы болып табылады.

Кәсіби қызметтің міндеттері

- ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдана отырып, жұмыстарды орындау;

- эксперименттік зерттеулер жүргізу, эксперимент нәтижелерін өңдеу;

- технологиялық үдерістер мен бұйымдардың параметрлерін сынаудың жаңа әдістері мен техникалық құралдарын әзірлеу.

- эксперименттік зерттеу әдістемелерін әзірлеу;

- электр энергетикалық жабдықтарды әзірлеу;

- электр энергетикасы объектілері жұмысының оңтайлы өндірістік-технологиялық режимдерін анықтау.

Кәсіби қызмет көрсету обьектілері 

Электр энергиясын өндіру, беру, бөлу және тұтыну кәсіпорындары, жобалау және ғылыми – зерттеу ұйымдары.

Кәсіби қызмет көрсету салалары:

-Электр механикалық жүйелерді математикалық үлгілеу;

- Жел электрқондырғыларының элементтерін математикалық үлгілеу;

- Жаңартылатын энергия көздерін бағалау және болжау әдістері;

-Қазақстандағы энергия үнемдеудің заманауи мәселелері мен перспективалы технологиялары; 

- Заманауи басқарылатын электр энергетикасынң түрлендіргіштері;

- Технологиялық процестердің автоматтандырылуы;

- Қазіргі заманғы энергияны үнемдейтін электр жетектер;

- Мұнай айдайтын станциялардағы электр жетектердің энего тиімділігін арттырудың амалдары;

- Өте жоғары кернеулі басқарылатын, икемді және компенсациялы желілер;

- Өте жоғары кернеулі желілердің құрылысы, параметрлері және өтімділік қабілеттіліктері;

- Айнымалы ток электрөткізгіш желілердің стаикалық компенсациялаушы құрылғылары.

Материалды –техникалық базасы:

- ғылыми-зерттеу зертханалары: «Отын-энергетикалық кешеннің ақауларын зерттеу», «Зияткерлік электр энергетикалық жүйелер», «Жаңартылатын және баламалы энергия көздері» және «Электр энергетикасындағы күштік және жартылай өткізгіштік техникалар».

-электр станциялары, электр желілері мен жүйелері, электр энергетикалық жүйелерді релелік қорғау, электрмен жабдықтау, электр аппараттары, электр машиналары, түрлендіру техникасы және электротехникалық материалдар бойынша оқу-зерттеу зертханалары;

- жоғары вольтты жабдықтың жай-күйін сынау және бағалау үшін «TUR» (Германия) фирмасының оқу-зертханалық стендтерінің кешені;

- зауыттық релелік қорғаныс тіректері; Siemens фирмаларының сандық релелік қорғанысы; Siemens; АВВ, ЭКРА, Schneider electrik.

- арнайы бағдарламалық қамтамасыз етумен компьютерлік-телевизиялық аудиториялар және компьютерлік зертханалық сыныптар;

- АВВ, Таврида Электрик, Schneider elektrik, Moeller, Siemens фирмаларында 1000-ға дейін және одан жоғары коммутациялық жабдық.

Біз неге үйретеміз?

- жаңа компьютерлік технологиялардың көмегімен  заманауй қондырғыларда ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесіне;

- зерттелетін объектілерді математикалық компьютерлік модельдеу әдістері;

- шаруашылық қызметінің түрлі салаларына жаңа жетістіктер енгізу туралы қажетті білім алуды, бірінші кезекте ғылыми-техникалық процесті жеделдетуге ықпал ететін жабдықтарды және технологиялық процестерді жобалау, басқаруды;

- энергия ресурстарын тиімдеу және энергияны үнемдеу слаласында білім алу докторанттарда ресурс үнемдеудің экономикалық құқықтық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерін кешенді қабылдауды дамытуға;

- электр станциялары мен қосалқы станциялардың, электр жүйелері мен желілерінің, электр энергетикалық жүйелерді релелік қорғау мен автоматтандырудың, кәсіпорындарды электрмен жабдықтаудың, дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздерінің, электромеханиканың, электр оқшаулау және кабель техникасының, электр технологиялық қондырғылар мен жүйелердің, жарық техникасы мен жарық көздерінің, электр жетегінің және технологиялық кешендерді автоматтандырудың жобаларын әзірлеу;

- кәсіпорындардың шаруашылық және өзге де қызметіне сараптама және энергия аудитін жүргізудің ғылыми әдістемесіне;

- электр желілерін, жаңартылатын энергия көздері бойынша жобаларды, энергиямен жабдықтауды және энергияны үнемдеуді техникалық, экономикалық және экологиялық талдауды жүргізуге.

Бітірушілер қайда жұмыс істей алады?

Біздің түлектер Қазақстанның ірі энергетикалық кәсіпорындарында басшылық лауазымдарда жұмыс істейді:

-«Самұрық-Энерго» АҚ;

- «KEGOC» АҚ;

- «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ;

- «Алматы электр станциялары» АҚ;

- «Alageum Electric» Компаниясы;

- «Кентау трансформатор зауыты» АҚ;

- «Алматы электромеханикалық зауыты» ЖШС;

- «Қазэлектромонтаж» АҚ;

- «Алматыэлектротранс» ЖШС;

- «Шнейдер Электрик» ЖШС;

- «Siemens» ЖШС;

- «АВВ» компаниясы;

-  Өңірлік энергетикалық кәсіпорындар және т. б

Докторантураға түсу емтихандарына арналған 8D07101-Электроэнергетика білім беру бағдарламасының бейіні бойынша эссе тақырыптары

 

ENERGO UNIVERSITY