Жаңартылатын энергияның заманауи және инновациялық технологиялары 7M07118

Білім беру бағдарламасының түрі

Жаңа БББ

Білім беру бағдарламасының тобы

M099 Энергетика және электр техникасы

Білім беру бағдарламасының атауы

7M07118 Жаңартылатын энергияның заманауи және инновациялық технологиялары

№, күні, айы және жылы көрсетілген білім беру қызметін жүргізуге арналған лицензия

2020 жылғы 05 мамырдағы KZ80LAA00018161

ҰБШ деңгейі

Магистратура, 7-деңгей

Білім беру бағдарламасын аккредиттеу

“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ 31.05.2024-30.05.2029 

Түсу кезінде өту балы

75

Бейіндік пәндер

Электротехниканың теориялық негіздері + Электр машиналары

Оқыту ұзақтығы:

- жоғары білімнен кейін 

2 жыл (ғылыми-педагогикалық)

Диплом алудың міндетті шарты

Ғылыми-педагогикалық магистратурада кемінде 120 кредитті (ECTS) игеру қажет

Оқыту тілі

Қазақша / орысша 

Оқу жылы

2 семестр (әр семестрде 15 апта)

Берілетін дәреже

Техника ғылымдарының магистрі (ғылыми-педагогикалық магистратурада);

Академиялық ұтқырлық

Бар

Оқыту нәтижелері

ON-1 Ғылым философиясы, жоғары білім педагогикасы, шет тілдеріне және жобаны басқару мен психологиясына негізделген зияткерлік деңгейді жетілдіру және дамыту қабілетін көрсетуі. Өз бетінше жаңа білім мен дағдыларды игеріп, ғылыми дүниетанымын кеңейтуі,  көпшілік алдында сөйлеу және топта жұмыс істеуі және тиісті әдістемелік деңгейде оқу, аудиториялық оқытуды жүргізу, магистрлік диссертациялар мен ғылыми жобаларды құрастырып, дайындап алуы.

ON-2 Жаңғыртылатын энергия және оны пайдалынатын объектілердегі  қазіргі проблемаларды талдау, жасыл энергияны дамытудың перспективті жолдарын болжау.  Мультифакторлы эксперименттер мен массивтерді математикалық өңдеу үшін жоспарлау әдістерін қолдануы. Территорияда  жаңғыртылатын энергия көздерінің таралуына аймақтық талдау жүргізуі.  

ON-3 Жаңғыртылатын энергия көздерінің потенциалын және  ЖЭК объектінің компоненттерінің параметрлерін есептеу мен талдаудың әдістері және  жаңғыртылатын энергия көздерін станцияларын кешенді түрде пайдалану   мен   және энергияны сақтаудың әртүрлі түрлерін қолдану қабілеттілігі.

ON-4 Барлық нормативтік ережелер мен заңдарға сәйкес технологиялық құжаттарды  әзірлеуі және құжаттарды дұрыс орындауы. ЖЭК жобаларының тиімділігін және оны әрі қарай іске асыру мен іске асыруды  бағалауы . Әлеуметтік-экономикалық даму және экология міндеттерін қамтамасыз ету үшін шешім қабылдай алады..

ON-5 Электрлік көліктің перспективті түрлері және  ЖЭК негізінде автономды электрмен жабдықтау жүйелерін қолдану мүмкіндігі туралы білімге ие болуы. Жаңғыртылатын энергия көздерінің нысандарын бірыңғай энергетикалық жүйеге интеграциялаудан туындайтын экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелерді зерттеуі.

ON-6 Зерттелетін объектілердің математикалық модельдерін құра білу. Энергожүйеге жаңғыртылатын энергия көздерін енгізу жобаларын әзірлеу.  Интеграция үшін айналдыру жабдықты тиімді қолдана білуі.

ON-7 Жаңғыртылатын энергия көздерінің қондырғыларының заманауи диагностикасы және оқшаулануы саласындағы теориялық және практикалық білімдерін көрсету. Электр энергиясының сапасының және электромагниттік үйлесімділіктің параметрлерін талдай білуі.

ON-8 Жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану арқылы энергия жүйелерінде энергия үнемдеу жобаларын жасау. Автономды жаңартылатын энергия көздері қондырғыларында энергия үнемдеудің жаңа технологияларын бейімдеуі. Жаңғыртылатын энергия көздері объектілерінде электр қуатын өндіруді және энергияны оңтайлы басқару үшін электрлік шешімдерді қолдануы. Алдын-алу әдістерін қолданып  жаңғыртылатын энергия көздеріндегі электр жабдықтарын оқшаулау жағдайын бағалауы және электр тізбегінің оқшаулауына электромагниттік кедергінің әсерінен қорғауды қарастыруы, электр энергиясының сапасының электромагниттік үйлесімділікке әсерін бақылауы.

ON-9 Электр энергетикасы саласындағы жобаларды басқару және жобалық шешімдердің тиімділігіне техникалық-экономикалық негіздеме жасау дағдыларына ие болу.  ЖЭК инвестициялық жобасының тиімділігін бағалау үшін қаржылық-экономикалық есептеулер жасауы..

ON-10 Электр энергетикасының ғылыми-техникалық мәселелерін шешуде заманауи компьютерлік және ақпараттық технологиялар, сандық технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету туралы теориялық және практикалық білімдерін қолдану. ЖЭК ресурстарын бағалауда ГАЖ технологияларын қолдану және MatLab ортасында электр энергетикалық жүйелердің элементтерін модельдеу дағдыларын меңгеру, заманауи өңдеу әдістерін ғылыми негізде тәжірибелерді жоспарлау және жүргізу.

Білім беру бағдарламасы ғылым мен техника саласындағы ғылыми-педагогикалық (оқу мерзімі 2 жыл) және бейіндік бағыттағы (оқу мерзімі 1,5 жыл) магистрлерді даярлауға бағытталған.

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы түлектерге 6М071800 – "Жаңартылатын энергияның заманауи және инновациялық технологиялары" білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі, ал бейіндік бағыттағы түлектерге 6М071800 – "Жаңартылатын энергияның заманауи және инновациялық технологиялары" білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

Білім беру бағдарламасы аясында оқыту траекториялары:

Кәсіби қызмет саласы

Кәсіби қызмет ету саласы - жаңартылатын энергия объектілерін жобалауға, өндіруге және пайдалануға бағытталған адам қызмет көрсетудің технологиялары, құралдары, әдістері мен тәсілдерің жиынтығын қамтитын ғылым мен техника саласы.

Кәсіби қызмет объектілері

Бітірушілердің кәсіби қызмет көрсету нысандары келесі болып табылады:

- жаңартылатын және балама көздерге негізделген энергетикалық кәсіпорындар;

- жаңартылатын энергия өндірісінің объектілірі және оларды релелік қорғауы және автоматикасы;

- өнеркәсіптік кәсіпорындар мен елді мекендерді жаңартылатын энергия көздері арқылы электрмен және жылумен қамтамасыз ету;

- алыс жерде орналасқан тұтынушыларды жаңартылатын энергиямен қамтамасыз ету;

Кәсіби қызмет пәндері келесідей:

-Перспективалы ЖЭК ресурстарын зерттеу және талдау

-Автономды ЖЭК жүйесіндегі энергияны үнемдеу

-Энергетикалық жүйеге ЖЭК интеграциясы және электрмен жабдықтау сенімділігі

-Электр машиналары және энергияны сақтау

-Технологиялық құжаттаманы әзірлеу және ЖЭК жобаларының тиімділігін бағалау

-ЖЭК энергия объектілердің кешенді пайдалану

-ЖЭК арналған қондырғыларды пайдалану ерекшеліктері

-ЖЭК жүйелеріндегі авариялық және автоматты басқару

Материалдық-техникалық база:

- «Жаңартылатын энергия көздері және энергия үнемдеу» оқу-ғылыми зертханасы, келесі заманауи зертханалық стендтері бар: желілік және автономды режимде жұмыс істейтін жел турбиналары, күн фотоэлектрлік жүйелері.

-  электр машиналары, электр аппараттары, электрмен жабдықтау, түрлендіру техникасы, электр станциялары, электр желілері мен жүйелері, электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы бойынша оқу – зерттеу зетрханалары;

- төмен және орта кернеулі электр аппараттарының зертханалары;

- институттың өндірістік зертханаларының тәжірибелік қондырғылары;

- релелік қорғаныстың зауыттық бағанасы; Siemens; АВВ, ЭКРА, Schneider elektrik РЗАСИСТЕМС фирмаларының сандық релелік қорғанысы;

- АВВ, Таврида Электрик, Schneider elektrik, Moeller, Siemens, IEK фирмаларының кернеуі 1000 В-қа дейін және одан жоғары коммутациялық қондырғылары;

-  компьютерлік-телевизиялық аудиториялар  және Power Factory DigSILENT, CHVlaboratory, PS CAD, RastrWIN, MatCad, MatLab және тағы басқа арнайы бағдарламамен қамтамасыз етілген компьютерлік зертханалық  класстар;

Біз неге үйретеміз?

- ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, ғылыми жобаларды әзірлеу және тиімді стартаптар құруды; 

- электр энергетикасы саласының кәсіпорындарында ұйымдастыру мен басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізуді;

- жаңартылатын энергия көздері, ЖЭК электр станциялары, электр жүйелері мен желілерінің, релелік қорғау және электр энергетикалық жүйелерді автоматтандыру, кәсіпорындарды электрмен жабдықтау, технологиялық кешендерді автоматтандыру жобаларын әзірлеу дағдыларына;

- кәсіпорындардың шаруашылық және өзге де қызметіне сараптама және энергия аудитін жүргізуді.

- ЖЭК электр станцияларының техникалық-экономикалық және экологиялық талдауын жүргізуді;

Түлектер қайда жұмыс істей алады?

- ғылыми және жобалау-конструкторлық ұйымдарда, жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен ғылыми-өндірістік бірлестіктерде;

- электр энергиясын өндіру, бөлу және тұтыну бойынша ірі электр энергетикалық кәсіпорындарда,

электр энергиясын өндіруге, таратуға және тұтынуға арналған ірі электр энергетикалық және жаңартылатын энергия көздерін пайдалынатын кәсіпорындарда;

- отандық, халықаралық және бірлескен энергетикалық компанияларда;

- әртүрлі кәсіпорындарда, компаниялар мен фирмаларда электр энергетикалық жабдықтарды жобалау, пайдалану және техникалық қызмет көрсету, монтаждау және баптау бойынша.

Біздің түлектер Қазақстанның ірі энергетикалық кәсіпорындарында басшылық лауазымдарда жұмыс істейді:

- «Самұрық-Энерго» АҚ;

- "KEGOC" АҚ;

- «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ;

- «АлЭТ»  АҚ;

-  «Alageum Electric» компаниясы;

- «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ;

- «Алматы электр механикалық  зауыты» ЖШС;

 - «Казэлектр монтаж» АҚ;

- «Алматы электр транс» ЖШС;

 - «Шнейдер Электрик» ЖШС;

 - «Siemens» ЖШС;

 - «АВВ» компаниясы;

-  Аймақтық энергетикалық кәсіпорындар және т.б-лар.

 - Капшагай Күн ЭС,

- Ерейментауская Жел ЭС

- Аймақтық энергетикалық кәсіпорындар және т. б.

ENERGO UNIVERSITY