15.07.2021 Барлық жаңалықтар
Қазақстан бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Онда Қазақстандағы міндетті вакцинацияның жаңа мерзімі аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде профилактикалық вакцинацияның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде COVID-19 вакцинасының екінші компонентін салуды ұйымдастыру", - делінген қаулыда.
Сонымен қатар, қызметкерлері кеңседе жұмыс істеуі үшін вакцина салдыруы керек ұйымдар тізімі толыққан.
Қаулының толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқи аласыз.
KAZ. TENGRINEWS.KZ материалдары бойынша / / Қазақстанда міндетті вакцинацияның жаңа мерзімі аталды / / Авторы: KAZ.TENGRINEWS.KZ - 2021-шілде 15.