Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ студенттері «Kaz Energy 2020» 1-орынды иеленді

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ студенттері «Kaz Energy 2020» 1-орынды иеленді


02.03.2020 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ студенттері «Kaz Energy 2020»               1-орынды иеленді.

2020 жылдың 26-27 ақпаны аралығында Нұр-Сұлатан қаласында “KAZENERGY” қауымдастығы  мен “Karachaganak Petroleum Operating B.V.” компаниясының ұйымдастыруымен Қазақстанның жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтарының студенттері мен магистранттары арасында “StudentDigitalFest” зияткерлік командалық байқауы өткізілді.

Байқау бірнеше кезеңге бөлінді:

-команданы құру

– өтінімді толтыру

– жобалық шешім үшін тақырыпты таңдау

-жобаны/шешімді әзірлеу

-жобаның паспортын эл.поштаға жіберу

-1-турды қашықтықтан өткізу

-Нұр-Сұлтан қаласындағы жобалардың тұсаукесері

 АЭжБУ атынан 2 команда қатысты:

Бірінші команда құрамында: Саят Ахмеджанов, Нұртілек Сағынбаев, Төрегали Сейдегалиев, Ақбөбек Әбілқайырқызы болды. Тақырыбы: “Кен орнының газ қауіпті учаскелеріне көлік құралдары үшін қолжетімділікті бақылауды жақсартудағы сандық шешімдер”.

Екінші команда құрамында: Айдана Бурабаева, Жәнібек Тоқтанай, Ануар Әбитай, Дидар Базарбай болды, олардың тақыбыры “Компаниялардың деректер базасында әлеуетті жеткізушілерді тіркеудің интеграцияланған электрондық жүйесіне цифрландыруды енгізу мүмкіндіктері”.

Біздің командалар таңдалған тақырыптарға жоба/шешім дайындады. Бірінші команда биометриялық деректерді тану, сондай-ақ газ қауіпті кен орнына өтетін машиналарды тану бойынша жоба әзірледі. Біздің тақырып бойынша 4 команда өнер көрсетті, қорытындысы бойынша бірінші команда екінші орынға ие болды.

Екінші топ сайтты пайдалана отырып, құжат айналымы мен “Telegram Bot” үшін, сондай-ақ, құжаттарға қашықтан қол қоя алатын барлық құжаттар мен DS digital signature цифрландыру үшін жоба әзірледі.  Нәтижесінде бірінші орынды иеленіп,  “Karachaganak”газ кенорындарында практикадан өту мүмкіндігіне ие болды.

ENERGO UNIVERSITY