Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Анхальт қолданбалы ғылымдар университетімен бірлесіп, "Индустрия 4.0 Жүйелік инженерия" атты жаңа пәнаралық білім беру бағдарламасын іске қосады

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Анхальт қолданбалы ғылымдар университетімен бірлесіп,


30.07.2021 Барлық жаңалықтар


Білім беру бағдарламасы келесі оқыту траекторияларын қамтиды: 
 
-Телекоммуникация 
-Жаңартылатын энергетика 
-Медиа технологиясы 
 
Бірлескен оқыту АЭжБУ-да және Анхальт университетінде өтеді, сондықтан 1- курстан бастап бакалавриатты бітіргенге дейін неміс тілін тереңдетіп оқытумен жүзеге асады. 
 
Бағдарлама барлық мектеп түлектеріне бағытталған. 
 
Оқу траекториялары бойынша оқу пәндерінің бір бөлігін Алматы қаласында Анхальт университетінің оқытушы-профессорлар құрамы неміс тілінде 2-курстан бастап ұсынады. 
 
Осы білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін бакалавр экономиканың жетекші секторларында –  Энергетика, телекоммуникация және IT технологияларында күрделі жүйелерді жобалау және инженерлік басқару үшін бірегей құзыреттіліктерге ие болады 
 
Сұрақтар бойынша: 
8 727 323 11 75

ENERGO UNIVERSITY