Докторантураға құжаттарды тапсыру мерзімі ұзартылды

Докторантураға құжаттарды тапсыру мерзімі ұзартылды

04.08.2021 Барлық жаңалықтар


Докторантураға түсушілердің назарына

Биыл докторантураға өтініш қабылдау 8 шілдеде басталып, 9 тамызға дейін жалғасады.

Докторантура бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына келетін болсақ, 2021-2022 оқу жылына PhD мамандарын даярлауға арналған мемлекеттік грант саны 1890 грантты құрайды.

Докторантураға тиісті мамандықтар бойынша кәсіптік жоғары оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.

Докторантура бағдарламасы бойынша оқыту ғылыми-педагогикалық магистратура бағдарламасын аяқтаған түлектер үшін жүргізіледі (кем дегенде 1 жыл жұмыс өтілі бар – докторантура – оқу мерзімі 3 жыл).

Мемлекеттік бюджеттік және ақылы екі-үш жақты шарт негізінде, икемді шарт талаптары мен төлем кестесі бар оқыту.

Қазіргі жағдайда сұранысқа ие Республиканың жетекші техникалық университетінде жоғары сапалы білім аласыз.

Докторантураға түсу емтиханы:
1) эссе жазудан;
2) докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен;
3) білім беру бағдарламасының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптардан тұрады.

Қорытынды баға эссе, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламасының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына берілген жауаптар нәтижелерінің қосындысынан тұрады.