25.02.2020 Барлық жаңалықтар
2020 жылдың 24 ақпанында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде «Global39» көшбасшылар ұйымының конференциясы өтті. Ол студент жастар арасында волонтерлік қызметті көпшілікке тарату идеясына арналды. Оған қатысқан 30 адам бір жылға арналған жұмыс жоспарын, сондай-ақ өз еркімен қызметін кеңейту және еліміздегі тіршілік әрекетінің түрлі бағыттарындағы проблемаларды шешу мәселелерін талқылады.
Іс-шара спикерлері арасында АЭжБУ Жастар саясаты департаментінің директоры Зарема Альфредовна Абдуллина болды. Конференция қорытындылары бойынша «Global39» ұйымының жаңа төрағасы ретінде Алматы Техникалық Университетінен Алмади Қанатұлы сайланды, сонымен қатар барлық қатысқан ұйым мүшелері алғыс хаттармен марапатталды.