13 тамызда Microsoft Teams платформасында Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ басшылығымен тікелей эфир өтеді

13 тамызда Microsoft Teams платформасында Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ басшылығымен тікелей эфир өтеді

12.08.2021 Барлық жаңалықтар


Бүгінгі таңда еліміздің барлық студенттері үшін ең өзекті мәселелердің бірі – жаңа оқу жылындағы оқыту форматы болып табылады.

Құрметті АЭжБУ студенттері мен олардың ата-аналары, барлық сұрақтарға жауап беріп, түсініксіздіктерді жою үшін 13 тамызда Microsoft Teams платформасында тікелей эфирлер өтеді:

- 2021-2022 оқу жылында оқытуды ұйымдастыру;

- жатақханаға орналасу;

- вакциналау.

Кездесулер курс бойынша – 2-курс студенттері үшін бөлек, 3-курс студенттері үшін бөлек және 4-курс студенттері үшін бөлек өтеді.
Әр кездесу спикерлері:

АЭжБУ ректоры – Сауле Саветовна Сагинтаева

Академиялық қызмет жөніндегі проректор –Сергей Владимирович Коньшин

Ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректор –Алмаз Абжалиұлы Саухимов

Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор –Серік Қапанұлы Махмутов

Кездесуге сондай-ақ институт директорлары, бөлімше басшылары, қызметкерлер қатысады

Сұрақтарыңызды дайындасаңыздар болады!

2 курс үшін трансляцияға сілтеме (сағат 14.30-да басталады)

3 курс үшін трансляцияға сілтеме (сағат 15.30-да басталады)
4 курс үшін трансляцияға сілтеме (сағат 16.30-да басталады)