17.08.2021 Барлық жаңалықтар
Кеңес өкіметі билеген жылдары миллиондаған адам тоталитарлық мемлекеттің озбырлығының құрбаны болды, саяси және діни сенімдері үшін, әлеуметтік, ұлттық және басқа да негіздер бойынша қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақстан тарихының қаралы беттерінің бірі оның аумағына бұрынғы Кеңес Одағының басқа өңірлерінен өзге ұлт өкілдерін депортациялау (күштеп көшіру) болып табылады. Қуғын-сүргін толқыны немістерді де айналып өтпеді.
«19 қыркүйекте мен оңалтуым туралы көптен күткен №... анықтаманы алдым, қуаныштан көзіме жас келді...», - қазақстандық немістердің естеліктерінен мұндай жолдарды жиі кездестіруге болады, онда олар депортация мен арнайы қоныстанудың қайғылы кезеңі туралы баяндайды. Немістерді депортациялаудың 80 жылдығы күні, 2021 жылғы 28 тамызда, Қазақстан немістері КСРО-дағы неміс халқы тарихындағы ең қайғылы бетке айналған күштеп қоныс аудару құрбандарына құрмет көрсететін күні де көптеген естеліктер болады.
Ғұмарбек Дәукеев атындағы
АЭжБУ әлеуметтік пәндер
кафедрасының профессоры, с.ғ.д.
Алтынай Төлеуқызы Мұхамбедьярова
«Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі»
қоғамдық қоры ғылыми-сараптамалық
кеңесінің мүшесі, т.ғ.к.,
Юлия Ивановна Подопригора
(мақаланың түпнұсқасы)