Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!

Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!

01.09.2021 Барлық жаңалықтар


Құрметті ЖОО оқытушылары мен қызметкерлері!

Құрметті біздің студенттер!

Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Білім күні бәріміз үшін игі бастамалар мен жетістіктердің символына айналды. Бұл күн әр адам үшін ерекше қымбат, өйткені біз бәріміз бір кездері оқушы, студент болдық және сол жылдарды әлі күнге дейін ыстық ықыласпен еске аламыз.

Білім – тұтастай алғанда елдің әл-ауқаты құрылатын сенімді іргетас. Ақпараттық технологияларды дамытудың ғылыми-техникалық прогресі дәуірінде қоғамның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін және оның шығармашылық қызметке қабілеттілігін анықтайтын – білім.

Бірінші курс студенттеріне сенім мен дұрыс таңдау үшін алғыс айтамын! Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-ге түсу – сенімді болашақты қамтамасыз етуді, біздің елде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие маман болуды білдіреді. Біздің университет жеке даму үшін кең мүмкіндіктер ұсынады, ал студенттік өмірдің жарқын, қызықты және пайдалы болып өтуі өзіңізге байланысты.

Студенттік жылдар көзді ашып-жұмғанша өте шығады. Әр күн әсерлі  эмоциялар мен жылы естеліктерге толы болсын. Мұнда сіз нағыз дос табасыз, жаңа білім аласыз, шығармашылық және спорттық таланттарды ашасыз және алға қойған мақсаттарыңызға жол ашасыз. Құрметті бірінші курс студенттері, барлық бастамаларыңызға сәттілік, білімге деген құштарлық, еңбексүйгіштік және болашаққа деген сенімділік тілеймін!

Алғашқы кедергілерді еңсерген жоғары курс студенттеріне тілерім – оқуда, ғылымда, спортта, шығармашылық пен еңбекте одан әрі табысты болыңыздар!

Бүгінде АЭжБУ оқытудың заманауи нысандары мен инновациялық әдістерін енгізуде. Біздің ЖОО білім алушылардың сапалы және өзекті білім алуын басты назарда ұстайды. Мұндай бағдарламаларды табысты іске асыру көбінесе университеттің оқытушылар құрамының – белсенді, бастамашыл, шығармашыл адамдардың жемісті қызметінің нәтижесі болып табылады. Сіздің жоғары кәсіби құзыреттеріңіз бен еңбексүйгіштігіңіз әрқашан жұмысыңызға көмекші болсын!  Оқытушылардың баға жетпес тәжірибесі мен студенттердің ізденімпаздығы – университет дамуының негізі.

Білімге бастар жол өмірлеріңізді қызықты және алуан түрлі етуіне, алған білімдеріңіздің арқасында табысқа жетіп, елімізге пайда әкелуіне тілектеспін.

Баршаңызды оқу жылының басталуымен тағы да құттықтаймын және  осы жылы армандарыңызды жүзеге асыруға бір қадам жақындаңыздар деп деймін!

Жаңа оқу жылы жарқын жаңалықтар мен үлкен жетістіктер жылы болсын. Сәттілік серік болып, барлық жоспарларыңыз орындалсын!

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ ректоры

Сауле Сагинтаева