Жаңа оқу жылы - Қазақстанның бас санитария дәрігері қаулы шығарды

Жаңа оқу жылы - Қазақстанның бас санитария дәрігері қаулы шығарды


26.08.2021 Барлық жаңалықтар


Бас мемлекеттік санитария дәрігері "2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы" жаңа қаулыға қол қойды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gov.kz сайтына сілтеме жасап.

2021-2022 оқу жылында штаттық форматта барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында талап етіледі:

-педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда);

-ұйымға кіру кезінде Ashyq қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу);

-маска режимін сақтау;

-рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету;

-үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру;

-үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау;

-педагогтардың, персоналдың және білім алушылардың күнделікті "кіру" сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия);

-бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.);

-мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу;

-зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау;

-бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып) жағдайларында оқыту.

Сыныпта (топта) COVID-19 ауруының 1 жағдайы тіркелген кезде - сынып (топ) 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулауға жатады.

Ал колледждерде, жоғары оқу орындарында COVID-19 ауруының 1 инкубациялық кезеңінде бір ағын топтарының 30 пайыздан астамы тіркелген кезде - ағын 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулануға жатады.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

kaz.tengrinews.kz материалдары бойынша / / Жаңа оқу жылы - Қазақстанның бас санитария дәрігері қаулы шығарды / / Авторы: kaz.tengrinews.kz - 2021-тамыз 25.

ENERGO UNIVERSITY