ЛЯЙЛЯ ХАМИТОВНА МАЖИТОВАНЫ 75 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ЛЯЙЛЯ ХАМИТОВНА МАЖИТОВАНЫ 75 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


06.09.2021 Барлық жаңалықтар


Ляйля Хамитовна Мажитова 06.09.1946 жылы туған, Ғарыштық инженерия кафедрасының профессоры.

1968 жылы Ляйля Хамитовна Мажитова С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) Физика факультетін «Физика» мамандығы бойынша аяқтады.

1987 жылы Ляйля Хамитовна педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ала отырып, «Оқушылардың кәсіби қызығушылықтарын қалыптастыру» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

1995 жылы Ляйля Хамитовна Мажитова «Оқушы жастардың кәсіби қызығушылықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

1995 жылдан 2000 жылға дейін Қазақстан Республикасының Жоғары аттестациялық комитетінде жұмыс істеді.

Ляйля Хамитовна Мажитова АЭжБУ КеАҚ-да оның қайта құрылған  күндерінен бастап жұмыс істейді. Ляйля Хамитовна өзінің еңбек жолын кафедраның ассистентінен бастады, одан кейін аға оқытушы, доцент болып жұмыс істеді, 1997 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ғарыштық инженерия кафедрасының профессоры болып жұмыс істейді.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде жұмыс істеген кезінде Ляйля Хамитовна институт пен университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысып, оқу-зертханалық базаны нығайтуға және оқу-әдістемелік жұмысқа көп көңіл бөлді.

1996-2005 жылдары физика кафедрасына жетекшілік етіп, білімді бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізе отырып модульдік бағдарламаның құрылымы мен мазмұнын жасады.

Л.Х. Мажитова Физиканың кәсіби-бағытталған курсын жүзеге асырды, бірқатар оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулар әзірледі.

Л.Х. Мажитованың жетекшілігімен 7 кандидаттық диссертация қорғалды. Ляйля Хамитовна 200-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектері бар, олар нөлдік емес импакт-факторы бар республикалық және халықаралық журналдарда жарияланған. Ляйля Хамитовна Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі.

Ляйля Хамитовнаның еңбек жолы тек ЖОО басшылығы тарапынан ғана емес, республикалық деңгейде де жоғары бағаланды. Ол 2009 жылы «Білім беру үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге әрі қарай белсенді ғылыми ізденіс, дарынды оқушыларды, зор денсаулық және барлық бастамаларыңызға табыс тілейді!

Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен адалдығыңыз біздің елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!

Ляйля Хамитовна Мажитованы 75 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

ENERGO UNIVERSITY