16 қыркүйек күні Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ басшылығының 2-курс студенттерімен кездесуі өтті

16 қыркүйек күні Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ басшылығының 2-курс студенттерімен кездесуі өтті


16.09.2021 Барлық жаңалықтар


16 қыркүйек күні Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ басшылығының 2-курс студенттерімен кездесуі өтті. Университет ректоры Сауле Сагинтаева қатысушыларды құттықтап, жаңа оқу жылына арналған жоспарлармен бөлісті. 

Сонымен қатар,  Академиялық қызмет жөніндегі проректор  Сергей Владимирович Коньшин, Ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректор  Алмаз Абжалиевич Саухимов, Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Серік Қапанұлы Махмутов , Жастар саясаты департаментінің директоры  Зарема Альфредовна Абдуллина және Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментінің директоры Мадина Бірлесқызы Алиярова да білім алушыларды оқудың басталуымен құттықтап, барлық сұрақтарға жауап берді.

Студенттер сабақтардың қалай өтетінін, студенттік іс-шаралардың болу-болмауын, спорт залдарының жұмыс форматы қандай екенін және т.б. сұрады. Іс-шара соңында білім алушыларға университет тарихы мен оның негізгі артықшылықтарын баяндайтын университет туралы деректі фильм көрсетілді. Әкімшілік студенттер әрдайым университеттің aues.edu.kz сайтындағы ректордың блогында өз сұрақтарын қоя алатындығын атап өтті.  

ENERGO UNIVERSITY