23.09.2021 Барлық жаңалықтар
2021 жылдың 4-8 қазан күндері digital форматында өңірде теңдесі жоқ оқиға – XIV ЕУРАЗИЯЛЫҚ KAZENERGY ФОРУМЫ және “ЭНЕРГЕТИКА АДАМЗАТ ИГІЛІГІ ҮШІН” тақырыбында LIVE 2021 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ ӨТЕДІ.
Нұр-Сұлтан мен Лондон онлайн студиялары әлемдік энергетиканың ең өзекті мәселелерін талқылауды тарататын көрсетілім болады.
Жаһандық және өңірлік пікірталастардың күн тәртібі үш векторға негізделетін болады: энергетикалық қауіпсіздік, энергияның қолжетімділігі және ДЭЖ әзірлеген әлемдік энергетикалық трилемма (World Energy Trilemma) тұжырымдамасының негізінде жатқан экологиялық тұрақтылық.
XIV Еуразиялық KAZENERGY форумының басты оқиғалары – KAZENERGY - 2021ұлттық энергетикалық баяндамасының тұсаукесері; Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ел егемендігі жылдарындағы ірі экспорттық жоба – КТК-K 25-жылдығына арналған пленарлық сессиялар, сондай – ақ GR Forum; KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының форумы; KAZENERGY Жастар Форумы және басқалар болады.
Бұл ірі шараның ұйымдастырушылары – Дүниежүзілік энергетикалық кеңес (ДЭК) және ҚР Үкіметінің қолдауымен KAZENERGY Қауымдастығы.