27.09.2021 Барлық жаңалықтар
27 қыркүйек күні Эрнест Акимович Сериковке 80 жас толады.
Эрнест Акимович Сериков техника ғылымдарының кандидаты, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті Жылу энергетикалық қондырғылар кафедрасының профессоры.
Эрнест Акимович 1941 жылы Қарағанды қаласында қызметкерлер отбасында дүниеге келген.
1964 жылы Мәскеу энергетикалық институтын бітіргеннен кейін Қарағанды металлургия комбинатында кокс батареяларының газшысы, одан кейін кәдеге жаратушы қазандар учаскесінің шебері, Мартенов цехының жылу техникалық зертханасының аға инженері және басшысы болып жұмыс істеді. 1966 жылы Мәскеу энергетикалық институтының аспирантурасына түсіп, оны 1969 жылы сәтті аяқтады.
Педагогикалық жұмыспен 1969 жылдан бастап алдымен Қарағанды политехникалық институтында, содан кейін 1975 жылдан бастап Алматы энергетика институтында (қазіргі Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) айналыса бастады. 2018 жылы «МЭИ ҰЗУ» ФМБЖБМ (қоса атқарушылық бойынша) «Энергетика Жоғары температуралы жылу технологиясы» кафедрасының профессоры болып сайланды.
Алматы энергетика институтында 1978 жылдан 1997 жылға дейін Жылу энергетикалық қондырғылар кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді, содан кейін Жылу энергетикасы факультетінің деканы болды. Эрнест Акимович Алматы қаласы Халық депутаттары Калинин аудандық кеңесінің депутаты болып сайланды (1987-1989 жж.).
Эрнест Акимович педагогикалық қызметін ғылыми-зерттеу жұмыстарымен ұштастыра отырып, түрлі шаруашылық шарттардың және мемлекеттік бюджеттік жұмыстардың жауапты орындаушысы әрі жетекшісі болды.
Эрнест Акимовичтің 100-ден астам ғылыми және әдістемелік еңбегі бар, А.Байтұрсынов атындағы «Үздік автор» күміс медалімен марапатталған. Ғылыми қызығушылық саласы – жоғары мектеп мәселелері. Эрнест Акимовичтің жұмыстарының бір бөлігі қоршаған ортаны өнеркәсіптік ластанудан қорғау, қоршаған ортаның ластануын экономикалық бағалауға арналған.
Эрнест Акимович студенттердің білімін бағалаудың рейтингтік жүйесін және энергетика және телекоммуникация мамандықтары бойынша көп деңгейлі білім беру жүйесін әзірлеушілердің бірі болып табылады. Сондай-ақ, ол 144747-TEMPUS-2008-FR-JPCR жобасы бойынша энергетика және тұрақты даму саласындағы халықаралық магистрлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысты.
1997 жылдан 2012 жылға дейін Алматы энергетика және байланыс институтында (қазіргі Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор болып жұмыс істеді.
Э.А. Сериковтың «АЭБИ профессоры» академиялық атағы бар. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 7 медалімен марапатталған. Сондай-ақ, ол «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі» атақтарының да иегері болып табылады.
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге зор денсаулық, сәттілік және барлық бастамаларыңызға табыс тілейді! Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен адалдығыңыз біздің елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!