Біліктілікті арттыру институты

Біліктілікті арттыру институты


27.09.2021 Барлық жаңалықтар


Ал сіз АЭжБУ-де біліктілікті арттыру курстарынан өтуге болатынын білесіз бе?

Білім жетілдіру және қосымша білім беру институты электр және жылу энергетикасы, экология, телекоммуникация және IT – технология мамандарына арналған дәріс сабақтарын ұсынады.

Сабақтарды университеттің ғылыми аса білікті профессорлық-оқытушылық құрамы, ғылыми дәрежесі бар, үлкен әдістемелік, ғылыми және кәсіби тәжірибесі бар, сондай-ақ, өнеркәсіптің жоғары категориялы мамандары және жаңа техника мен технология өндіруші-фирмалардың мамандары өткізеді.

Зертханалық аудиторияларда заманауи оқу текшелері және ABB, Siemens, Schneider Electric т.б. компаниялардың өнеркәсіптік жабдықтары орнатылған.

Мекен-жай: АЭжБУ, Білім жетілдіру және қосымша білім беру институты, Байтұрсынұлы 126/1, А-325 кеңсе. Тел: 8 (727) 323-11-75; e-mail: kpk@aues.kz; сайт: http://ipk.aues.kz

ENERGO UNIVERSITY