Магистратура мен докторантураға мемлекеттік грант бөлінді!

Магистратура мен докторантураға мемлекеттік грант бөлінді!


04.10.2021 Барлық жаңалықтар


Енді магистратура мен докторантураға қабылдау жылына екі рет өткізіледі. Тиісінше, қабылдау екі рет ұйымдастырылады: дәстүр бойынша тамыз айында және қосымша желтоқсан айында.

Желтоқсан айында Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері кешенді тестілеу мен түсу емтихандарын қайта өткізуді ұйымдастырады. Құжаттарды қабылдау қараша айында басталады.

Құжаттарды, емтихандарды тапсырып, қажетті сертификаттарды алып үлгермегендер үшін бұл, әрине, жақсы жаңалық.

Жазғы қабылдау мен өткізілген емтихандардың қорытындысы бойынша магистратура мен докторантураның иеленбеген гранттары қалды, азаматтар осы мемлекеттік гранттарға ағымдағы жылдың желтоқсан айында үміткер бола алады.

Дайындық бағыттары мен құжаттарды қабылдаудың нақты мерзімдері бөлінісінде гранттар саны туралы ақпарат қосымша жарияланатын болады.

Докторантураға түсуші тұлғалар ЖЖКББ-ға келесі құжаттар тізімін тапсырады:

1)ЖЖКББ басшысының атына өтініш (еркін нысанда);

2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);

3)жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

4) шет тілін меңгергенін растайтын электрондық сертификат;

5) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматтағы 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама.

Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынылады;

6) 3x4 көлеміндегі алты фотосурет;

7) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын өзге де құжат;

8) соңғы күнтізбелік 3 жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар).

Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай жұмыс өтілі бар немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентурада оқуын аяқтаған тұлғалар қабылданады.

Докторантураға түсу емтиханын бағалау: эссе-20 балл, докторантурада оқуға дайындығына тест тапсыру – 30 балл және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан – 50 балл.

Түсу емтиханының ұзақтығы – 4 сағат, осы уақыт ішінде оқуға түсуші эссе жазады, Оқу дайындығын анықтайтын тест тапсырады, 3 сұрақтан тұратын электрондық емтихан билетіне жауап береді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантураға түсу үшін өту балы – 75 балл, ақылы негізде докторантураға түсу үшін өту балы – 50 балл.

ENERGO UNIVERSITY