«Қазстандарт» конкурсы – АЭжБУ студенттері жарады!

«Қазстандарт»  конкурсы – АЭжБУ студенттері жарады!

12.10.2021 Барлық жаңалықтар


Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазстандарт» – «Қазақстан стандарттау және метрология институты» республикалық зияткерлік жарысында Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің «Автоматтандыру және басқару» мамандығының студенттері бірден бірнеше сенсация жасады.

Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазстандарт» – «Қазақстан стандарттау және метрология институты» Дүниежүзілік стандарттар күнін мерекелеу қарсаңында 11 қазан күні «Стандарт бойынша өмір» тақырыбында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік жарысын өткізді. Жүлделі орындар үшін Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарының үшінші және төртінші курс студенттері күресті.

Айта кету керек, «Қазстандарт» конкурсы «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының студенттеріне, сонымен қатар, үшінші немесе төртінші жыл бойы метрология, стандарттау және сертификаттау мәселелерімен байланысты мамандықтар бойынша білім алған студенттерге бағытталған.  Алматы энергетика және байланыс университетінде бұл мамандық бойынша оқыту жүргізілмейді, сондықтан АЭжБУ атынан «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты, онда конкурстың тақырыбымен тек бір ғана пән – «Метрология, стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару» тікелей байланысты. Дегенмен, АЭжБУ-дың «автоматшыларының» жалпы деңгейі жоғары болғаны соншалық, олар бұл  «бейінді емес» конкурста бәсекелестікке төтеп беріп қана қоймай, үшінші жүлделі орынға ие бола алды!

Жарысқа қатысушыларды «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Жанна Серикбаевна Тлеубаева дайындап, балалардың өз білімдеріне сенімділік сыйлады.

Конкурсты ұйымдастырушылар, шамасы, АЭжБУ-ден мұндай белсенділікті күтпеді және тек 2 командаға қатысуға рұқсат берді, алайда біздің тараптан әрқайсысында 5 қатысушыдан тұратын жалпы саны 5 команда болған болатын. Қалған ЖОО-лар тек бір командадан ғана ұсынған болатын. «Стандарт бойынша өмір» зияткерлік сайысына еліміздің 9 университетінен барлығы 10 команда қатысты.

Бәсекелестікті абыроймен көтере отырып, үшінші орынды АЭжБУ командасы иеленді, олардың ішінде үшінші курстың түрлі топтарының студенттері бар:

- Зарина Тельманова – АиСУк-19-3 тобының студенті;

- Құрмангазы Исламкулыев – АиСУк-19-4 тобының студенті;

- Рахат Сарсек – АиСУк-19-3 тобының студенті;

- Ермұхан Нұрқали – АиСУк-19-2 тобының студенті;

- Аружан Карасаева – АиСУ-19-4 тобының студенті;

АЭжБУ командасы 320 ұпай жинады. Екінші орынды иелену үшін тек 20 ұпай ғана жетпеген болатын. Бұл ретте, біздің студенттер «Стандарт бойынша өмір» конкурсы бағытталған «Метрология, стандарттау және сертификаттау» емес, «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша білім алатынын еске сала кеткен жөн.

«Автоматтандыру және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Ж.С. Тлеубаеваның кәсібилігі мен мақсаттылығын біле отырып, осындай жеңістен кейін оның шәкірттері келесі жылы тек алдыңғы қатарда болатыны сөзсіз!

          «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы