«Парасат» зияткерлік клубының ұйымдастыруымен кинодраматург Смағұл Елубаймен кездесу өтті

«Парасат» зияткерлік клубының ұйымдастыруымен кинодраматург Смағұл Елубаймен кездесу өтті

22.10.2021 Барлық жаңалықтар


Бүгін  «Парасат» зияткерлік клубының ұйымдастыруымен көрнекті қазақ жазушысы, кинодраматург Смағұл Елубаймен кездесу өтті. Кездесуге университетіміздің ұстаздар қауымымен студенттер қатысты.

Жазушының шығармашылығының негізгі өзегі – қазақ халқының кеңестік дәуірде бастан кешкен нәубетті кезеңдері мен қиын-қыстау уақыты. Оның қаламынан туған «Мінәжат», «Ақ боз үй» сынды романдары сталиндік қуғын-сүргін, ашаршылық жылдарындағы аумалы-төкпелі уақытты қамтыған болатын. Бұл туындылар жас ұрпақтың ұлт тарихын тереңінен тануға және зерделеуге мүмкіндік берді. Кездесуде жазушы қазақ даласындағы алапат аштық пен қуғын сүргін  туралы нақты деректермен бөлісті. Сонымен қатар, биылғы жылы «Ақ боз үй» романы желісімен  кино туынды түсірілгендігін және жақын арада көрермендер тарапына  ұсынылатындығы  туралы да хабардар етті.

Жазушыға ұстаздар мен студенттер тарапынан  сұрақтар қойылып, мазмұнды әңгіме-сұхбатқа ұласты. Жазушының шығармашылығы, жазушылыққа келу жолы, әдеби туындылардың жазылу тарихы, ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық сананы жаңғырту, төл тарихымызды ұлықтау және ұрпақ тәрбиесі сынды жайттар да тілге тиек етілді.

                    ӘП кафедрасының аға оқутышылары

                                                                            Бисенова А.З. и   Әбдіқалық А.Ә.