АЭжБУ Қамқоршылар кеңесінде маңызды мәселелер өз шешімін тапты

АЭжБУ Қамқоршылар кеңесінде маңызды мәселелер өз шешімін тапты


05.03.2020 Барлық жаңалықтар


2020 жылдың 4 наурызында АЭжБУ қамқоршылар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне көптеген маңызды тақырыптар енгізілді. Олардың бірі екінші семестрге атаулы стипендияларды бекіту болды. Мәселені талқылау қорытындысы бойынша стипендияға: "АЭжБУ" КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Серікбек Жүсіпбекұлы Дәукей мен ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мониторингі және талдау бастығы Бауыржан Құрманғалиұлы Айтжановтың (2002-2010 жж.) АЭжБУ бітірушілер-қамқоршылар кеңесінің жауапты хатшысымен Иментаева Дана Курмангалиқызына (2009-2017 жж.) бірлескен екі сертификаты берілді. 147000 теңге мөлшеріндегі бірінші стипендия студент Әділ Қалиевке, 105000 теңге мөлшеріндегі екінші стипендия студент Бекслан Нұрқуатқа тағайындалды.

Одан әрі Қамқоршылар Кеңесі "Алматытеплокоммунэнерго" ЖШС Бас директоры Айдар Чарльзович Беркимбаевпен өндірістік практикаға шарт жасады.

Кеңесте 2019 жылдан бастап күшіне енген университеттің жаңа білім беру бағдарламаларына да көп көңіл бөлінді. Қазақстанда алғаш рет электр энергетика және электр техника институты (ЭЭЭТИ) инженерия және агроинженерия бойынша мамандарды төрт жаңа білім беру бағдарламасы бойынша даярлай бастады. Болашақта нарықтың сұранысқа ие болатынын ескере отырып, электр техникалық және энергетикалық мамандықтар бойынша тағы екі бағдарлама ашу жоспарлануда. Оларды ашуға негіздемелер де жеткілікті. Ең бастысы - АЭжБУ мамандарды заман талабына сай дайындайтын болады.

ENERGO UNIVERSITY