Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ негіздемелік конвенциясы тараптарының 26-шы конференциясында «Қазақстан Республикасы экономикасының өндіруші салаларын декарбонизациялау» кітабының тұсаукесері

Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ негіздемелік конвенциясы тараптарының 26-шы конференциясында «Қазақстан Республикасы экономикасының өндіруші салаларын декарбонизациялау» кітабының тұсаукесері


12.11.2021 Барлық жаңалықтар


Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ негіздемелік конвенциясы тараптарының 26-шы конференциясында «Қазақстан Республикасы экономикасының өндіруші салаларын декарбонизациялау» кітабының тұсаукесері

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ ректоры Сауле Саветовна Сагинтаева өз сөзінде үлкен қызығушылық тудырған қазақстандық ғалымдардың, соның ішінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ғалымдарының ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерінің нәтижелерімен бөлісті.

БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Антониу БҰҰ КӨНК тараптарының 26-шы конференциясының әлемдік көшбасшылар саммитінде сөз сөйлеп, дамушы елдердің шығарындыларды тиімді азайту, сондай-ақ көмірден біртіндеп бас тарту үшін қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.

Бүгінгі күні еліміздің генерация құрылымында көмір генерациясы 70% астам құрайды және таяудағы 15 жылда бұл көрсеткішті ең озық қолжетімді технологияларды пайдалану, ЖЭК дамыту, жаңа газтурбиналық электр станцияларын іске қосу, орталықтандырылмаған энергиямен жабдықтауды дамыту, ҚТҚ кәдеге жарату және т. б. есебінен 50% дейін төмендету жоспарланып отыр.

Көмір энергетикасын декарбонизациялау бойынша қалыптасқан трендтерді түсіне отырып, біздің ғалымдар өздерінің әзірлемелері мен ұсыныстарын ұсынады, олардың арасында ОҚТ анықтамалығына енгізілген ұсыныстары бар.

Отандық ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектері көміртегі бейтараптығына қолжеткізу мақсатында 2060 жылға дейін Қазақстан экономикасын декарбонизациялауды жеделдетуге ықпал ететін болады, оларды енгізу үшін, әрине, қаржылық қолдау мен технологиялық жағдайлар жасау қажет болады.

Кітап ОА ӨЭО директоры Зафар Махмудовқа, Қырғызстанның Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрлігі жанындағы Климаттық қаржыландыру орталығының директоры Дастан Абдылдаевқа, Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Данияр Еринчиновке табыс етілді.

ENERGO UNIVERSITY