17.11.2021 Барлық жаңалықтар
2021 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының жоғары оқу орындары мен ҒЗИ арасындағы ғылыми-білім беру консорциумын онлайн форматта үйлестіру жөніндегі жұмыс комиссиясының VIII отырысы өтті.
Кездесуге екі елдің жиырма жеті университеті мен ғылыми-зерттеу институттарының, консорциум мүшелерінің, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігі мен БР мемлекеттік органдарының өкілдері, Беларусьтің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі П.В. Утюпин және Қазақстанның Беларусьтегі елшісі А. А. Бейсембаев қатысты.
Серіктес университеттер мекемелері мен академиялық топтарының соңғы 2 жылдағы өзара іс-қимыл жоспарының орындалу нәтижелері бойынша жан-жақты есеп берілді. Жоғары білім беруді дамытудың негізгі үрдістері және оның еуразиялық білім беру кеңістігіне кірігуі, ғылымның, білім мен өндірістің тоғысу және бірігу нүктелері талқыланды.
Консорциумның жұмыс комиссиясының отырысы күнінің екінші жартысында 2021-2022 жылдарға арналған ғылыми-білім беру ынтымақтастығын одан әрі іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары ұсынылды. Бірлестікке жаңа мүшелер қабылданды. Кездесу соңында Беларусь және Қазақстан университеттерінің ректорлары мен бірінші басшылары Ынтымақтастық туралы меморандумдарды ұзарту туралы келісімге қол қойды.
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Сауле Саветовна Сагинтаева және Беларусь ұлттық техникалық университетінің ректоры Сергей Васильевич Харитончик АЭжБУ мен БҰТУ академиялық ынтымақтастығы туралы шартқа қол қойды.