АЭжБУ-да киберспортты дамыту перспективалары талқыланды

АЭжБУ-да киберспортты дамыту перспективалары талқыланды


18.11.2021 Барлық жаңалықтар


Бүгін киберспортқа қызығушылық танытатын түрлі институттар мен мамандықтардың ынталы студенттері университет басшылығымен кездесті. Студенттер өз тәжірибелерімен, осы салада қолжеткізген нәтижелерімен бөлісіп, АЭжБУ-да киберспортты дамыту бойынша өз ойларын ұсынды. Көптеген студенттер шағын және орта киберспорттық турнирлерге еліміздің әртүрлі аймақтарында қатысып үлгерді, ал кейбіреулері осы жаһандық трендке енді ғана ене бастады. Студенттерге ақпараттық технологиялар институтының мамандары мен кураторлары бекітілген, олар студенттердің кәсіподақ комитетімен бірлесіп, киберспорт әуесқойларын дұрыс бағытқа бағыттап, жетекшілік ететін болады.  Айта кету керек, киберспорт Олимпиада ойындарындағы пәндердің бейресми тізіміне енгізілген. Қазақстанда бұл жаңа бағыт Қазақстан құрамасының 2002 жылы Сеулде WCG 2002-ге қатысуынан бастау алады және 2018 жылғы 25 маусымнан бастап ресми спорт түрі болып танылды. Қазіргі таңда Қазақстанның бірнеше киберспорттық командалары Dota 2, Counter-Strike: Global Offensive және PUBG пәндері бойынша ірі турнирлерде өнер көрсетуде.  АЭжБУ ректоры Сауле  Саветовна Сагинтаева 11 аса қуатты ойын компьютерлерін сатып алуға қаражат бөлу, ішкі жарыстарды өткізу және студенттерді сыртқы жарыстарға қатысуға дайындау үшін жеке аудитория ашу туралы жариялады. Студенттер университетте осы перспективалы бағытты қолдау үшін барлық жағдайлар жасалғанына риза болып, университет басшылығының қолдауын сезінді. Біз киберспорт тақырыбына қызығушылық танытқандардың саны артып келе жатқанына өте қуаныштымыз және жаңа қатысушыларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз.

ENERGO UNIVERSITY