Бірінші курс студенттері - ноутбук иегерлері!

Бірінші курс студенттері - ноутбук иегерлері!

19.11.2021 Барлық жаңалықтар


Құрметті бірінші курс студенттері! Көптен күткен жаңалық – дүйсенбіден бастап сіздің корпоративтік поштаңызға нақты күні мен уақыты белгіленген хат келеді. Хатта өз институтыңыздың директоратына қай уақытта келіп ноутбук алатыныңыз жазылады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіздің түпнұсқасы болуы шарт.

Санитарлық-эпидемиологиялық нормаға сәйкес, хатта белгіленген уақыт бойынша келуіңізді өтінеміз. Егер ноутбукты белгіленген уақытта алуға мүмкіндігіңіз болмаса, өз институтыңыздың директоратына пошта немесе call-орталығы арқылы хабарлауды ұмытпаңыз.  

Егер басқа қалада болсаңыз – сіз ноутбукты жауапкершілікпен сақтауға және сенімді адамға табыстауға арналған нотариалдық сенімхатты рәсімдеуіңіз қажет. Егер ондай да мүмкіндігіңіз болмаса, уайымдамаңыз, АЭжБУ-де оқып жатқан уақытта ноутбук сізді университет қабырғасында күтетін болады.

АЭжБУ колледжінің 1-курс білім алушыларының тізімі

АЭжБУ 1-курс білім алушыларының (жеделдетілген оқу түрі) тізімі 

АЭжБУ 1-курс білім алушыларының (4 жыл оқу) тізімі