Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні


01.12.2021 Барлық жаңалықтар


Құрметті студенттер, оқытушылар, әріптестер, достар!

Бүгін біздің еліміз мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін атап өтуде. Өткенге көз жүгіртейік және мереке күнін таңдаудың тарихи алғышарты мен 1991 жылғы 1 желтоқсанда болған оқиғаны еске түсірейік – алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ КСР Президенті лауазымына қайта сайланды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып, жүйелі реформалар мен ауқымды өзгерістерді жүзеге асыруда орталық тарихи рөл атқарады. Оның дана басшылығымен ел орнықты мемлекеттік және қоғамдық дамудың қазақстандық моделіне ие болды.

Біздің жастарымыз патриотизм мен еркіндік рухында тәрбиеленген. Жақында Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты республикалық форум барысында Қазақстан жастарына: «Бүгін біздің әрқайсымыз Қазақстан мен оның болашағы үшін өмір сүруге және жұмыс істеуге дайын болуға тиіспіз. Мен Қазақстан жастарына үндеу жолдаймын: жасампаз болыңыз, армандаңыз, іске асырыңыз және жақсы көріңіз, еліміздің игілігі үшін өмір сүріңіз! Сіз - Тәуелсіз Қазақстанның жаңа қанатысыз!».

Біз Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері, оқушылары мен түлектері Тұңғыш Президенттің ғибратты ғұмырынан шабыт алып, батыл армандарын жүзеге асыратындарын мақтан тұтамыз. Біздің балалар Тәуелсіз Қазақстанның индустриялық, энергетикалық және ғылыми инфрақұрылымын алғашқылардың бірі болып құрды. Ал бүгінде олардың көпшілігі елді цифрландыру және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі стратегиялық мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысады.

Біз әлемнің университеттерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерінде дамудың қазақстандық моделін ұстанамыз. Ғ.Даукеев атындағы АЭжБУ американдық IGlobal университеті, британдық CILT Корольдік көлік және логистика институты, Қолданбалы ғылымдар бойынша ВИЛЬДАУ неміс техникалық университеті және басқа да көптеген жетекші оқу орындарымен жақсы серіктестік қарым-қатынас орнатты. Сонымен қатар, біздің студенттер ENACTUS AUРЕТ халықаралық бағдарламасына қатысады, бизнеске және нарықтық экономика негіздеріне оқытылады, осылайша өздерінің теориялық білімдерін практикада қолданады. Мұндай мүмкіндіктерде Тұңғыш Президенттің моделі көрініс табады, Қазақстанның жас азаматы өзіне басқа елдер мен халықтардың ғылымы мен мәдениетін ашады. Біздің елімізде жастардың білім алуы және дамуы үшін барлық жағдай жасалуда. Мысалы, биыл біздің университет бірінші курс студенттеріне табысты оқу және жаңа білімді сапалы меңгеру үшін 1500 жаңа ноутбук таратты.

Бүгінгі мемлекеттік мереке туған-туысқандармен бірге болудың және көрнекті тұлға – Н.Ә.Назарбаевтың жетістіктерін еске алудың тағы бір мүмкіндігі болғанын ерекше атап өткіміз келеді. 

Ғ.Даукеев атындағы АЭжБУ басшылығы атынан Сіздерді мерекемен құттықтаймыз! Шын жүректен зор денсаулық, бақыт, әр отбасы мен әр үйге бейбітшілік пен амандық тілейміз, сондай-ақ еліміздің өркендеуі мен бейбітшілігі жолындағы еңбекте табыс тілейміз!

ENERGO UNIVERSITY