Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ ректоры Сауле Сагинтаева «Сколково» инновациялық орталығында болды

Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ ректоры Сауле Сагинтаева «Сколково» инновациялық орталығында болды


06.12.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың 2 желтоқсанында Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Сауле Саветовна Сагинтаева  Мәскеудегі «Сколково» инновациялық орталығында болды. Ол ресейлік «СПУТНИКС» жеке компаниясының бас директоры Владислав Иваненкомен және  Маркетинг және сату жөніндегі директор Анатолий Копикпен кездесу өткізді. Бұл компания «Сколково» инновациялық орталығының резиденті болып табылады, шағын ғарыш аппараттарына арналған жоғары технологиялық спутниктік компоненттер мен технологияларды, сондай-ақ олардың негізіндегі сервистерді өндірумен айналысады.

Келіссөздер барысында АЭжБУ мен «СПУТНИКС» арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды, келесі бағыттар айқындалды:

1) Университет студенттерін робототехника және ғарыштық инженерия бойынша жыл сайынғы «WorldSkills International» әлем чемпионатына дайындау;

2) Ғарыштық зерттеулер және ғарыш қызметінің нәтижелерін пайдалану саласындағы ғылыми жобаларға бірлесіп қатысу.

Біз бұл ынтымақтастық жоғары технологиялар саласындағы Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ әлеуетін ғана емес, сондай-ақ ғарыш саласындағы Қазақстан мен Ресей арасындағы зияткерлік байланыстарды да нығайтады деп сенеміз.

ENERGO UNIVERSITY